
Қыс - ауа-тамшы инфекцияларының көтерілу уақыты. Эпидемиологиялық маусымның басынан бастап (ағымдағы жылдың 1 қазанынан 10 ақпанына дейін) ЖРВИ-дың 163 мыңға жуық жағдайы тіркелді, сырқаттанушылық құрылымында 14 жасқа дейінгі балаларға 58%-ы келеді. Маусым басталғаннан бері тұмаудың 125 зертханалық расталған жағдайы анықталды, оның ішінде: 124 жағдай — А типі (H3N2), 1 жағдай - А типті (H1N1).
Тұмаудан басқа, аймақта басқа вирустар да айналымда бар. Зерттелген 1123 үлгінің ішінде тұмауға жатпайтын вирустар 36% құрады, олардың ішінде риновирус (30%), парагрипп (19%), РС вирусы (17%), боковирус (11%), аденовирус (10%) және басқалары басым.
Ағымдағы жылдың қаңтар айында сынып оқушылары арасында 20%-дан асатын және одан да көп сырқаттанушылық тіркелген жоқ.