
2025 жылы қызылшамен сырқаттану 108 жағдайды құрады, алайда облыста іске асырылып жатқан іс-шараларға қарамастан ағымдағы жылы қызылшаны тіркеу жалғасуда. 2026 жылы облыста қызылшаның 130 жағдайы тіркелді, оның ішінде еліміздің басқа облыстарынан әкелінгені 15 жағдай.
14 жасқа дейінгі балалардың үлес салмағы 88% құрайды (114 жағдай), олардың ішінде 4 жасқа дейінгі балалар жиі ауырады (57%). Қызылша ауруы облыс бойынша барлық жерде дерлік тіркелуде.
Қызылшамен ауырғандардың 80% (104 жағдай.) балаларға екпе салынбаған, оның ішінде олардың жартысы ата-аналарының вакцинациядан бас тартуына байланысты (40%), медициналық шектеу 9,2% (12 жағдай.). Сонымен қатар, белгісіз егу мәртебесі 8,4% (11 жағдай.), жасы бойынша егуге жатпайды 22,3% (29 жағдай.).
Қызылша - жоғары қызба, жоғарғы тыныс жолдарының қабынуы, ауыз қуысының шырышты қабаттары, көз және денеде бөртпе пайда болатын жедел жұқпалы вирустық ауру. Қызылшаның жұқпалылығы өте жоғары болғандықтан және вирус ауа тамшылары арқылы жұғатындықтан-қызылшамен ауыратын науқаспен байланыста болған кезде вакцина алмаған және ауырмаған адамдар ауруға шалдығады. Қызылша әсіресе балалар, жүкті әйелдер және иммунитеті төмен адамдарға аса қауіпті. Ауру қаіпті асқынуларға - пневмония, есту қабілетін жоғалтатын отитке, жүйке жүйесінің зақымдануына, соның ішінде 10-15 жылдан кейін энцефалиттер мен паненцефалиттерге әкелуі мүмкін.
Халықты қызылшадан қорғаудың негізгі әдісі - бұл тек бір адамды ғана емес, қоғамды да қорғауға, инфекцияның өршуіне және таралуына жол бермеуге және халықтың денсаулығын оның ауыр зардаптарынан сақтауға мүмкіндік беретін вакцинопрофилактика.