Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Юрий Залыгин Қарағанды медициналық университетінің студенттерімен жеке кездесу өткізді

Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Юрий Залыгин Қарағанды медициналық университетінің студенттерімен жеке кездесу өткізді

БҮГІН, 6 ақпанда, жастарға кәсіби өзін-өзі анықтауға және жұмысқа орналасуға көмек көрсету мақсатында Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Юрий Залыгин Қарағанды медициналық университетінің студенттерімен жеке кездесу өткізді.
Кездесу барысында ол қызметтегі жұмыс ерекшеліктері туралы айтып, оның мазмұны мен даму перспективаларымен, санитариялық сала мамандығына қойылатын талаптармен таныстырды, еңбек қызметі процесінде кәсіби-біліктілік өсу және өзін-өзі жетілдіру мүмкіндіктері бар екендігіне назар аударды.
Кездесу соңында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, олардың бірнешеуі өңірдің санитариялық қызметінде жұмыс істеуге ниет білдірді.