Теміртау қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары "Теміртау қаласының көпсалалы ауруханасы" ШЖҚ КМК медицина қызметкерлеріне арналған иммунопрофилактика мәселелері бойынша семинар өткізді

Ағымдағы жылы 4 ақпанда Теміртау қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары қаланың фтизиатриялық қызметімен бірлесіп "Теміртау қаласының көпсалалы ауруханасы" ШЖҚ КМК медицина қызметкерлеріне «Жаңа туған нәрестелерді туберкулезге және В вирусты гепатитіне қарсы вакцинациялау. Сіреспеге қарсы көмек көрсету» иммунопрофилактика мәселелері бойынша семинар өткізді. Іс-шара соңында медицина қызметкерлердің білімі бағаланып, аттестаттау жүргізілді.

Тұрғындарды иммундау жұмыстарына вакциналарды қауіпсіз қолдану бойынша, оның ішінде сақтау, тасымалдау және пайдалану шарттарын сақтауды меңгергенін растаған білікті медициналық қызметкер ғана жіберіледі. Бүгінгі таңда вакцинация жұқпалы аурулардың алдын алудың ең тиімді және қолжетімді әдістерінің бірі болып қала береді.