Декреттелген топтарды иммундаудың маңыздылығы туралы ДСБ "Шахтинск қаласының ауруханасы" ШЖҚ КМК медицина қызметкерлерінің қатысуымен семинар-кеңес өтті

Декреттелген топтарды иммундаудың маңыздылығы туралы ДСБ "Шахтинск қаласының ауруханасы" ШЖҚ КМК медицина қызметкерлерінің қатысуымен семинар-кеңес өтті

Ағымдағы жылғы 4 ақпанда Шахтинск қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының жетекші маманы Шолпан Дәндібаева ҚО ДСБ "Шахтинск қаласының ауруханасы" ШЖҚ КМК медицина қызметкерлерінің қатысуымен тиісті жоспарға сәйкес декреттелген топтарды иммундаудың маңыздылығы және профилактикалық екпелермен қамтылу бойынша, оның ішінде қызылша, туберкулезд, құтырудың алдын алу бойынша семинар-кеңес өткізді.

Семинар барысында сырқаттанушылықтар бойынша ағымдағы жағдай, аурудың алдын алуды күшейту және халықты вакцинациямен қамтуды арттыру бойынша қабылданып жатқан іс-шаралар мен қосымша қадамдар қаралды.

Жоспарлы екпелерден бас тартқан ата-аналар мен қамқоршылар арасында жұмыс жүргізу бойынша ұсыныстар берілді.