Қарағанды облысындағы ЖРВИ және тұмаумен сырқаттанушылық бойынша эпидемиологиялық жағдай

Қарағанды облысындағы ЖРВИ және тұмаумен сырқаттанушылық бойынша эпидемиологиялық жағдай

Қарағанды облысында ағымдағы жылдың 1 қазаннан бастап 25 желтоқсан аралығында ЖРВИ-нің 130 мың 770 жағдайы тіркелді, сырқаттанушылық құрылымында 14 жасқа дейінгі балаларға сырқаттанғандардың 59%-ы келеді.

Облыста маусымдық тұмаудың 120 жағдайы зертханалық расталды, А (H3N2) – 119 жағдай (99%), А (H1N1) – 1 жағдай (1%), бұл вирустар жыл сайын күзгі-қысқы кезеңде айналымда бар. Сырқаттанғандар арасында 14 жасқа дейінгі балалар 76% құрайды.

Тұмаудан басқа, аймақта басқа вирустар да айналымда бар. Зерттелген 771 үлгінің ішінде тұмау емес вирустарды 36% құрады, олардың ішінде риновирус (40%), парагрипп (24%), боковирус (15%), аденовирус (9,1%), РС вирусы (1,4%) басым және басқалары бар.

Эпидемиологиялық маусымның басынан бастап оқушылар арасында ЖРВИ-мен сырқаттанушылық – 14 004 жағдайды  құрады, оның ішінде 42 оқушы тұмаумен ауырды.

2025 жылғы 25 желтоқсандағы жағдай бойынша сыныптар арасында  30% және одан да көп ауру-сырқаулығы тіркелген жоқ.

Тұмау, ЖРВИ-мен сырқаттанушылық бойынша облыста эпидемиологиялық саламаттылықты сақтау мақсатында жеке қорғану шараларын қамтитын профилактикалық іс-шаралар туралы еске саламыз:

- жеке гигиена ережелерін сақтау, яғни қолды жиі жуу, қажетілігіне қарай антисептиктерді немесе дезинфекциялық майлықтарды қолдану арқылы қолды өңдеу;

- науқас адамдармен байланысты шектеу;

- мүмкіндігінше адамдар көп жиналатын орындарға, жабық үй-жайларға, әсіресе балалармен бармау;

- ауырып қалғандарға, оның ішінде балаларға үйде болу, ауру белгілері пайда болған кезде мектепке дейінгі мекемелер мен мектептерге бармау;

- жөтел этикетін сақтау, яғни жөтелгенде және түшкіргенде аузыңыз бен мұрныңызды орамалмен жабу;

- қоғамдық орындарда, сондай-ақ науқастарға күтім жасау кезінде медициналық маска кию;

- өзіңізді емдемеңіз, уақтылы медициналық көмекке жүгіну қажет.