Қарағанды облысындағы ЖРВИ және тұмаумен сырқаттанушылық бойынша эпидемиологиялық жағдай

Қарағанды облысындағы ЖРВИ және тұмаумен сырқаттанушылық бойынша эпидемиологиялық жағдай

Қарағанды облысында ағымдағы жылдың 1 қазаннан бастап 3 желтоқсан аралығында ЖРВИ-нің 106 мың 958 жағдайы тіркелді, сырқаттанушылық құрылымында 14 жасқа дейінгі балаларға сырқаттанғандардың 59%-ы келеді.

Облыста маусымдық тұмаудың 86 жағдайы зертханалық расталды, А (H3N2) – 85 жағдай (98,8%), А (H1N1) – 1 жағдай (1,2%), бұл вирустар жыл сайын күзгі-қысқы кезеңде айналымда бар. Сырқаттанғандар арасында 14 жасқа дейінгі балалар 79% құрайды, барлығы вакцинацияланбаған.

Бұл вирустар жаңа штамм емес, аурудың көріністері тұмаудың клиникалық көрінісіне сәйкес келеді – олар дене қызуының күрт көтерілуі, бастың және бұлшықеттің ауруы, қалтырау, дененің ауыруы.
Тұмаудан басқа, аймақта басқа вирустар да айналымда бар. Зерттелген 617 үлгінің ішінде тұмау емес вирустарды 41% құрады, олардың ішінде риновирус (41%), парагрипп (23%), боковирус (15%), аденовирус (9,8%), РС вирусы (1,2%) басым және басқалары бар.

ДДҰ болжамына сәйкес, ағымдағы эпидемиялық маусымда тұмау вирусының үш штаммы өзекті болады – A (H1N1), A (H3N2) және B. олардың барлығы тұмауға қарсы вакцинаның құрамына кіреді, бұл аурудың ауыр түрлерінен қорғауды қамтамасыз етеді.
Бүгінгі күні 176 014 адам тұмауға қарсы вакцинациядан өтті.

Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті эпидемиологиялық жағдайға тұрақты мониторинг жүргізуді жалғастыруда және тұрғындарды тұмау мен ЖРВИ алдын алу шараларын сақтауға шақырады:
- адамдар көп жиналатын жерлерде, әсіресе жабық үй-жайларда болу уақытын шектеу;
- түшкіру немесе жөтелу сияқты ауру белгілері бар адамдармен байланысты мүмкіндігінше шектеу;
- қолды сабынмен жиі және мұқият жуу, дымқыл гигиеналық және дезинфекциялық құралдармен үнемі өңдеу;
- орналасқан бөлмені жиі желдетіп, үнемі ылғалды тазалап отыру;
- құрамында С дәрумені бар тағамдарды мүмкіндігінше көп тұтыну;
- аурудың алғашқы белгілерінде өзін-өзі емдемеу, байланыстарды тоқтатып, уақтылы медициналық көмекке жүгіну қажет.