
Бұқар жырау ауданының СЭББ басқармасы бөлімінің басшысы Виктория Закирова жіті респираторлық вирустық инфекциялар мен тұмаудың алдын алу бойынша сынып сағаттарын «Үштөбе жалпы білім беретін мектебі» КММ және «Байқадам жалпы білім беретін мектебі» КММ-де өткізді.
Кездесулер барысында оқушыларға жеке гигиенаны сақтау, қолды дұрыс жуу, респираторлық этикет талаптары және маусымдық аурушаңдық кезінде иммунитетті нығайту жолдары туралы еске салынды.
Оқушылар аурудың алғашқы белгілері, инфекцияның таралу жолдары және вирустардың алдын алу шаралары туралы мәлімет алды.
Мұндай іс-шаралар балалардың ақпараттандырылуын арттырып, олардың денсаулыққа жауапкершілікпен қарауына ықпал етеді.