Менингит, желшешек, жедел ішек инфекциялары, сальмонеллез, паразитарлық және жұқпалы тері аурулары бойынша профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу мәселелері жөнінде жұмыс кеңесі өтті

Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Юрий Залыгиннің төрағалығымен ZOOM режимінде менингит, желшешек, жедел ішек инфекциялары, сальмонеллез, паразитарлық және жұқпалы тері аурулары бойынша профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу мәселелері жөнінде жұмыс кеңесі өтті.

Жұмыс кеңесіне қалалар мен аудандардың санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының басшылары мен мамандары қатысты.
Кеңес барысында соңғы 9 айдың қорытындысы бойынша эпидемиологиялық жағдай, сондай-ақ эпидемияға қарсы және профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру мен жүргізу мәселелері қаралды.
Жұмыс кеңесінің қорытындысы бойынша басқармаларға инфекциялық және паразитарлық аурулар бойынша профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралардың деңгейін жақсарту жөнінде тапсырмалар берілді.