Біздің елімізде 25 қазанда үлкен мереке-Республика күні атап өтіледі!

Біздің елімізде 25 қазанда үлкен мереке-Республика күні атап өтіледі!

Біздің елімізде 25 қазанда үлкен мереке - Республика күні атап өтіледі!

Бұл біздің еліміз үшін маңызды күн. 1990 жылдың 25 қазанынан бастап бүкіл әлемге егемендік жариялай отырып, біздің еліміз жаңа тәуелсіз мемлекет құра бастады. Бүгін біз Қазақстанның саяси және экономикалық салалардағы, оның халықаралық аренадағы жетістіктерін мақтан тұтамыз.

Бұл күні біз еліміздің бай тарихын, оның жетістіктері мен еңсерілген қиындықтарын мақтанышпен және құрметпен еске аламыз. Қазіргі Қазақстанның құрылысы - әрбір азаматтың еңбегі мен күш-жігерінің нәтижесі, әрбір ұрпақтың үлесі.

Бүгінде Қазақстан - тұрақтылықтың, бейбітшілік пен өркендеудің символы. Біз әл-ауқат пен дамуға ұмтыла отырып, әртүрлі мәдениеттер мен ұлттарды бағалаймыз.

Еліміздің өркендеуіне әрбір азамат өз үлесін қосуда, оның ішінде денсаулық сақтау жүйесіндегі негізгі ұстанымдардың бірін атқаратын санитариялық қызметіміз де бар. Ол қоғам өмірінің барлық салаларын қамтиды.

Қызмет мамандары профилактикалық медицина саласындағы мемлекеттік саясатты жауапкершілікпен және мұқият жүзеге асырады. Біздің әріптестеріміз тұрғындарды  қауіпті жұқпалы аурулардан қорғай отырып, азаматтарымыздың денсаулығы мен еңбекке қабілеттілігін сақтауға күш-жігерін салады. Қызмет уақыт өте келе өзгерді, оның құрылымы да өзгерді – бірақ бір нәрсе өзгеріссіз қалды: ол сала алдындағы міндеттер. Ал бұл Қазақстанда тұратын ел үшін қолайлы орта құру болып табылады.

Қазір біздің салада мыңдаған мамандар жұмыс істейді – олар дәрігер-гигиенисттер, эпидемиологтар, микробиологтар, зертханашылар. Біз жұқпалы ауруларға тиімді жұмыс жасап, қарсы тұрамыз. Әлем елдері  мен біздің елге де COVID-19 қаупі төнген кезде біз бірлесіп қиын кезеңді бастан өткердік. Бұл бәріміз үшін жеке күш сынағы және қызмет тарихындағы маңызды кезең болды. Барлығы үшін қиын кезеңде біз гигиена және эпидемиология саласында ауқымды міндеттерді сапалы қоя және шеше алатын мамандарымыздың жоғары құзыреттілігіне тағы да көз жеткіздік.

Құрметті әріптестер, Сіздердің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын сақтау  бойынша қызметтеріңіз  халықтың денсаулығын нығайтып, Қазақстанның әлеуметтік және экономикалық саласын дамытуға көмектесуін тілеймін. Біз бірге қиындықтарды міндетті түрде еңсереміз, республикамыздың аумағында тұрақты жағдайды сақтаймыз.

Құрметті жерлестер, Республика күнімен құттықтаймын!
Бұл бостандықты, күш пен әл-ауқатты бейнелейтін мереке. Әр ел мен оның азаматы үшін бұл үлкен оқиға. Біздің аспанымыз әрқашан ашық болсын, халқымыз бір үлкен отбасы сияқты ынтымағы мол болсын. Ел өркендеп, оның азаматтарының әл-ауқаты дами берсін. Әр отбасына және әр үйге келісім, бейбітшілік пен өркендеу тілеймін!