Чикунгунья - "жолбарыс масаларының" шағуы арқылы таралатын вирустық ауру. Ол жіті температурамен, буындардың қатты ауырсынуы, жалпы әлсіздік және бөртпемен сипатталады.
Тұрғындар үшін басты ескерту, егер Сіз эндемиялы елдерге сапар шегуді жоспарласаңыз, келесідей сақтық шараларын ұмытпаңыз:
- репелленттерді қолданыңыз,
- жабық киім киіңіз,
- тұру үшін кондиционер орнатылған немесе масаға қарсы торлармен жабдықталған орынжайларды таңдау,
- масалар көбейетін тоқтап тұрған сулы жерлерден аулақ болу,
- аурудың алғашқы белгілері (қалтырау, буын аурулары) байқалған жағдайда дереу дәрігерге қаралу.
Өзіңізге және жақындарыңызға қамқорлық жасаңыз!