Сальмонеллез - бұл Salmonella тұқымдасының бактериялары тудыратын жедел ішек инфекциясы. Ауру қоздырғыш адам ағзасына көбінесе ластанған тамақпен немесе сумен енген кезде дамиды.
Сальмонеллалар табиғатта өте кең таралған. Олардың негізгі тасымалдаушылары - ауылшаруашылық жануарлары мен құстар - тауықтар, үйректер, ірі қара, шошқалар. Адамның инфекциясы көбінесе жануарлардан алынатын өнімдерді — ет, құс еті, жұмыртқа, сүт өнімдерін, егер олар жұқтырылған болса, тұтынумен байланысты. Көкөністер немесе шөптер, егер олар қолданар алдында нашар жуылған болса немесе жануарлардан алынатын тыңайтқыштармен өсірілсе, қауіп төндіруі мүмкін. Сонымен қатар, сальмонеллалар адамнан адамға да берілуі мүмкін — көбінесе лас қолдар, жалпы ыдыс-аяқ немесе тұрмыстық заттар арқылы, бұны білу әсіресе балалар ұжымында аурудың алдын алуда үшін өте маңызды.
Инкубациялық кезең, яғни инфекциядан алғашқы белгілер пайда болғанға дейінгі уақыт 6 сағаттан үш күнге дейін, көбінесе шамамен бір күнді құрайды. Негізгі берілу механизмі — фекальды-ауыз жолы арқылы. Ең көп таралған жол — азық-түлік арқылы, бірақ су және тұрмыстық байланыс та ауруды тарату жолы болуы мүмкін.
Клиникалық көріністерге температураның жоғарылауы, жүрек айнуы, құсу, іштің ауыруы, кейде шырыш немесе қан араласқан диарея. Ауру әдетте бірнеше күннен бір аптаға дейін созылады. Сальмонеллез әсіресе жас балаларға, қарттарға және иммунитеті төмен адамдарға қауіп төндіреді, өйткені оларда бұл ауыр өтіп және асқынуларға әкелуі мүмкін.
Сальмонеллездің алдын алу көбінесе өзімізге байланысты. Тамақты пісіру мен тамақтанар алдында қолыңызды мұқият жуу, шикі және дайын тағамдарға бөлек кесу тақталары мен пышақтарды пайдалану өте маңызды. Ет пен құс еті жеткілікті термиялық өңдеуден өтуі керек: өнімнің ішіндегі температура кем дегенде 74 градусқа жетуі керек. Жұмыртқаны тек қайнатылған немесе жақсы қуырылған күйінде тұтыну керек. Шикі түрінде тұтынуға болмайды.
Азық-түлікті дұрыс сақтау да маңызды. Ыстық уақытта олар тез бұзылады, сондықтан оларды тоңазытқышта сақтау керек және бөлме температурасында ұзақ уақыт қалдырмау керек. Тек қауіпсіз және таза суды тұтынуды ұмытпаңыз. Ата-аналар балалардың тамақтануына ерекше назар аудару керек, өйткені бұл ауру нәрестелерде ең ауыр болуы мүмкін және ағзаның сусыздануына әкелуі мүмкін.
Табиғатқа шыққан кезде бүлінуді болдырмау үшін азық-түлікті термосөмкелерде немесе тоңазытқыш контейнерлерде сақтау керек. Тамақтану үшін бір реттік ыдыс-аяқ пен ас құралдарын пайдалану ұсынылады. Жеке гигиена ережелерін сақтауды ұмытпаңыз - тамақтанар алдында және дәретханаға барғаннан кейін қолыңызды сабынмен мұқият жуыңыз.
Сальмонеллездің алғашқы белгілері пайда болған кезде уақтылы медициналық көмекке жүгініңіз. Өзін-өзі емдеуге болмайды. Өзін-өзі емдеу қауіпті, себебі ол асқынуларға, дегидратацияға және диагнозды уақтылы анықтауды қиындатады. Сонымен қатар, дұрыс емделмеген жағдайда, науқастар бактериалды тасымалдауды дамыта алады – адам сыртқы жағынан сау, бірақ қоздырғышты бөліп, айналасындағыларға ауруды жұқтыруды жалғастырады.