Абайлаңыз: кремі бар торттар! Тәттілермен қалай уланбауға болады

Абайлаңыз: кремі бар торттар! Тәттілермен қалай уланбауға болады

Кремді кондитерлік өнімдер - бұл қамырдың әртүрлі түрлерінен (печенье, құм, қатпарлы қамыр және т.б.), қатпарланған немесе креммен қапталған кондитерлік өнімдер.

Кремді кондитерлік өнімдерге торттар,  пирожный, орамдар және басқа десерттер жатады. Олар тез бұзылатын тамақ өнімдерінің санатына жатады. Крем әр түрлі болуы мүмкін — май, ақуыз, кілегей, қаймақ, ірімшік, сүзбе және т.б. өнімнің бұл түрі дәмі, тартымды көрінісі мен әртүрлілігіне байланысты өте танымал.

Олар неге қауіпті?

- Крем - бұл май, сүт, жұмыртқа және қант қоспасы. Бұл қоректік орта және ылғалды, сондықтан қауіпті бактериялар үшін  (стафилококктар, E. coli, сальмонеллалар және т. б.) өте қолайлы орта;

- Бұл тез бұзылатын өнім - бөлме температурасында крем бірнеше сағат ішінде тез бұзылады. Тоңазытқышсыз дүкен сөресінде немесе мерекелік үстелде ұзақ уақыт тұратын өнімдер әсіресе қауіпті;

- Тіпті аз мөлшерде бүлінген крем жүрек айнуын, құсу, диарея және температураның жоғарылауын, ал ауыр жағдайларда дегидратация мен ауруханаға жатқызуды тудыруы мүмкін.

Өзіңізді қалай қорғауға болады:

- тоңазытқыш сөрелермен және витриналармен қамтамасыз етілген сауда және қоғамдық тамақтану объектілерінде  бұйымдарды сатып алу;

- сатып алу кезінде өнімнің құрамына, өндіруші туралы мәліметтерге, шығарылған күніне, жарамдылық мерзіміне және сақтау шарттарына назар аудару;

- кремі және басқа толтырғыштары бар өнімдер жоғары ылғалдылыққа байланысты тез нашарлайтынын ескеру, сондықтан оларды тоңазытқышта +2 °C-тан +6 °C-қа дейінгі температурада 6-72 сағат бойы сақтау;

- торттар мен пирожныйларды тоңазытқышта +2 °C-тан +6 °C-қа дейінгі температурада 6-72 сағат бойы сақтау керек, жарамдылық мерзімі, тауарлық көршілестікті (ет өнімдерімен, ірімшіктермен, балықтармен және ерекше иісі бар басқа да өнімдермен бірге сақтау ұсынылмайды) қамтамасыз ету;

- тортты суықсыз ыстықта үстелге көп уақытқа қалдырмау;

- иісі, дәмі немесе сыртқы түрі өзгерген өнімдерді тұтынбау;

- олардың сапасы мен қауіпсіздігін растайтын сәйкестік декларациясы болған кезде бұйымдарды сатып алу;

- бұйымдарды үйде дайындайтын жеке тұлғалардан сатып алмау, өйткені бұл жағдайда санитарлық нормалардың сақталуына кепілдік беру мүмкін емес.

Тіпті ең әдемі торт сіздің денсаулығыңызға тұрарлық емес.  

Тәттілерді жаңа піскен түрде жеңіз - денсаулығыңызды қорғаңыз!