БҮГІН, 13 тамызда, Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде жұртшылықпен байланыс жөніндегі бас маман Айгүл Шатекованың қатысуымен Департамент және аумақтық басқармалар мамандарына арналған ағымдағы жылдың өткен кезеңі бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысына талдау жүргізіле отырып, семинар өткізілді.
Семинар барысында жергілікті аумақ тұрғындарына қызметтің өзекті мәселелері бойынша ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізу барысы, аумақ басшылығының ақпараттық кеңістіктегі ашықтығы, тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға сапалы шұғыл түрде жауап беру, әлеуметтік желілердегі ақпараттандыру жұмыстарын оңтайландыру және т.б. мәселелер қарастырылды.
Осы ретте, спикер баяндамасын аяқтаған соң, аумақтық басқармалардың осы салаға жауапты мамандарынан келіп түскен сұрақтарға жауаптар берді.