"Госпитальдық эпидемиологияға кіріспе. Инфекциялардың алдын алу және инфекциялық бақылау " тақырыбында семинар өтті

"Госпитальдық эпидемиологияға кіріспе. Инфекциялардың алдын алу және инфекциялық бақылау " тақырыбында семинар өтті

БҮГІН, 13 тамызда, Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ауруханаішілік инфекцияларды бақылау бөлімі қалалық, аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқарма басшылары, мамандары, медициналық ұйымдардың госпитальдық эпидемиологтары үшін "Госпитальдық эпидемиологияға кіріспе. Инфекциялардың алдын алу және инфекциялық бақылау" тақырыптарында семинар өткізді. 

Семинар барысында Департаменттің ауруханаішілік инфекцияларды бақылау бөлімінің басшысы Ләззат Секербаева сөз сөйлеп, іс-шараға қатысушыларды терминдердің эволюциясы, әлемдегі медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекциялар, стационарларда, амбулаториялық жағдайларда, үйде және т.б. туындайтын факторлар, инфекция көздері туралы мәлімет берді. Патогенді және шартты-патогенді микроорганизмдер, атап айтқанда: Staphylococcus aureus, Коагулазға қарсы стафилококктар, Стрептококктар, ЭНТЕРОКОККТАР, ENTEROBACTERIACEAE, PSEUDOMONAS AERUGINOSA (көк түйінді таяқша) және т.б. ауруларды тудыратын жағдайларға қатысты сұрақтар да қозғалды.

Осы ретте, спикермен денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайларға ден қоюға дайындықтың негізгі компоненттері және халықаралық медициналық-санитариялық қағидалар тетіктері шеңберінде негізгі қабілеттерді нығайту бойынша ұсыныстар берілді.