Білім беру ұйымдарында тамақтану стандартының талаптарын түсіндіру бойынша семинар өтті

Білім беру ұйымдарында тамақтану стандартының талаптарын түсіндіру бойынша семинар өтті

Қарағанды облысының Кәсіпкерлер палатасы алаңында жекеменшік білім беру мектептері әкімшілігінің, медицина қызметкерлері мен тамақ өнімдерін жеткізушілердің қатысуымен ZOOM режимінде семинар өтті.

Семинарға қатысушыларға Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы Майра Белгібаева енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып, білім беру ұйымдарындағы тамақтану стандартының талаптары түсіндіріліп, қатысушылардың сұрақтарына жауаптар берілді.