«Өндірісі мен қайта өңдеуі бар қоғамдық тамақтану орындарында тұз мөлшерін азайту»

«Өндірісі мен қайта өңдеуі бар қоғамдық тамақтану орындарында тұз мөлшерін азайту»

Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті халықтың тамақтану салтын жақсарту мақсатында «Өндірісі мен қайта өңдеуі бар қоғамдық тамақтану орындарында тұз мөлшерін азайту» тақырыбында онлайн-семинар өткізді.

Іс-шара Zoom онлайн-платформасында қоғамдық тамақтану кәсіпорындары мен санитариялық-эпидемиологиялық бақылаудың аумақтық басқармалары өкілдерінің қатысуымен өтті.

Онлайн-семинар барысында дайын тағам өнімдері, ыстық тағамдар, жеңіл тағамдар мен қамыр өнімдерінің құрамындағы тұз мөлшерін төмендетудің өзекті мәселелері талқыланды. Бұл тағам түрлері күнделікті тұз тұтыну үлесінің айтарлықтай бөлігін құрайтыны атап өтілді.

Тәуекелдерді бағалау мониторингі және талдау бөлімі тарапынан өңір тұрғындарының тұз тұтыну деңгейі және оның денсаулыққа жағымсыз әсер ету факторларын қалыптастырудағы ықпалы туралы аналитикалық деректер ұсынылды.

Қатысушыларға қойылған сұрақтарға жан-жақты жауаптар берілді. Қоғамдық тамақтану орындарында тұз тұтыну деңгейін төмендету және салауатты тамақтану мәдениетін қалыптастыру жолындағы бірлескен күш-жігердің маңыздылығы атап өтілді.