Энтеровирустық инфекция дене температурасының 39-40 градусқа дейін көтерілуінен басталады. Қатты бас ауруы, бас айналу, жүрек айну, құсу, кейде іштің ауыруы, ауыр жағдайларда - құрысулар мен сананың бұзылуы, жоғарғы тыныс жолдары тарапынан айқын емес катаральды көріністер пайда болады.
Эн️теровирустық инфекцияның алдын-алу шаралары кез-келген жедел ішек инфекциясымен бірдей — келесі ережелерді сақтау қажет:
- ішу үшін тек қайнатылған немесе бөтелкедегі суды қолдану;
- әр тамақтану алдында және дәретханаға барғаннан кейін қолыңызды сабынмен жуу, жеке және қоғамдық гигиена ережелерін қатаң сақтау;
- жемістер мен көкөністерді қолданар алдында мұқият жуып, одан кейін қайнаған сумен шаю;
- тек ресми рұқсат етілген жерлерде шомылу, суға түскенде суды жұтып қоймау;
- салауатты өмір салтын ұстану қажет.
Есіңізде болсын, ауруды емдеуден гөрі қарапайым алдын-алу шараларын сақтау оңайырақ!
Аурудың клиникалық белгілері пайда болған жағдайда медициналық көмекке жүгіну қажет.
Бұл туралы 5 арнаға Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Гүлжан Байгутанова айтып берді, толығырақ мына сілтемеден қараңыз https:https://www.youtube.com/watch?v=gA7ryewJy4E