БҮГІН, 27 маусымда, Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ауруханаішілік инфекцияларды бақылау бөлім "Медициналық ұйымдарда инфекциялардың алдын алу және инфекциялық бақылау. Инфекциялық бақылау жүйесін жетілдіру". тақырыптарында қалалық, аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының мамандары, медициналық ұйымдардың басшылары, мониторингтік топтардың басшылары, госпитальдық эпидемиологтар және инфекциялық бақылау комиссиясы үшін ZOOM режимінде семинар ұйымдастырып, өткізді.
Семинар кеңесін Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Гүлжан Байгутанова ашып, семинар бағдарламасымен таныстырды. Бөлімнің бас маманы Ләззат Садықова сөз сөйлеп, семинарға қатысушыларды медициналық көмек көрсетуге байланысты инфекциялармен, сондай-ақ медициналық ұйымдардағы инфекциялардың алдын алу және инфекциялық бақылау бойынша өзекті мәселелермен және әдістемелік ұсынымдармен таныстырды. Стационарларда инфекциялардың алдын алу және инфекциялық бақылау жөніндегі бағдарламаны қолдау, пациенттер мен медицина қызметкерлері арасында эпидемияға қарсы және алдын алу шараларын сақтау мәселелерін қозғады. Бұдан басқа, мамандар тарапынан денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайларға ден қоюға дайындықтың негізгі компоненттері және халықаралық медициналық-санитариялық қағидалар тетіктері шеңберінде елдің негізгі қабілеттерін нығайту бойынша ұсыныстар берілді.