Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті ағымдағы жылдың 17 маусымындағы жағдай бойынша облыс аумағында тұрғындарының санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік-құқықтық актілерге объектінің сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды 2025 жылы 5 маусымдық қала сыртындағы балалар лагерінің алғанын хабарлайды:
1) Қарағанды қаласы әкімдігінің Қарағанды қаласы білім бөлімінің "№ 2 өнер мектебі" КМҚК "Салют" балалар сауықтыру орталығы (Бұқар жырау ауданы, Қаражар а/о, Асыл ауылы);
2) Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің "Ағыбай батыр атындағы Оқушылар сарайы" КМҚК "Жас қанат" балалар сауықтыру лагері (Ақтоғай ауданы, Орта Дересін ауылы, Бектау ата шатқалы);
3) "Qarmet" АҚ "Факел" балалар сауықтыру лагері (Теміртау қ., № 2 есептік кварталы, 11-учаске);
4) Қарағанды облысы білім басқармасының Ақтоғай ауданы білім бөлімінің "Шашубай кентінің мектеп-бөбекжай-бақшасы (мектеп жанындағы интернаты бар) кешені базасындағы “Тірек мектеді (ресурстық орталық)” КММ "Факел" балалар сауықтыру лагері (Ақтоғай ауданы, Ортадересін ауылдық округі, Бектау ата шатқалы);
5) "Qarmet" АҚ "Романтик" балаларды сауықтыру лагері (Қарқаралы ауданы, Қарқаралы қаласы, "Комиссаровка" шатқалы).