Медицина қызметкерлері күні қарсаңында Қарағанды облысының санэпидбақылау департаментінің ұжымы әріптесі - Виктор Петрович Букинді құттықтайды!

Медицина қызметкерлері күні қарсаңында Қарағанды облысының санэпидбақылау департаментінің ұжымы әріптесі - Виктор Петрович Букинді құттықтайды!

Виктор Букин – Қарағанды медициналық институтының түлегі. Ол санитарлық-гигиеналық факультетінде оқып, 1976 жылы тамамдаған.
Виктор Петрович өзінің еңбек жолын сол жылы Теміртау санитарлық-эпидемиологиялық станциясында бастады - ол коммуналдық гигиена бойынша санитарлық дәрігер қызметін атқарды. 1977 жылдан бастап ол еңбек гигиенасы бойынша санитарлық дәрігер лауазымына ауыстырылды, ал 1982 жылы бөлім бастығы болып тағайындалды.
1999 жылдан 2006 жылға дейін Виктор Петрович Теміртау санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасын табысты басқарды. Оның адал еңбегі назардан тыс қалмады: ол – екі рет Денсаулық сақтау ісінің үздігі, 1988 жылы – Қазақ КСР Денсаулық сақтау ісінің үздігі, 2000 жылы-Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісінің үздігі болған. Виктор Букиннің қызмет өтілі 30 жылдан асады.

Құрметті Виктор Петрович, кәсіби мереке қарсаңында Сіздерге зор денсаулық, жақын адамдармен жылы кездесулер және әрқашан керемет көңіл-күй тілейміз!
Сізге баға жетпес тәжірибеңіз, кәсібилігіңіз және санитариялық қызметті дамытуға қосқан құнды үлесіңіз үшін шын жүректен алғыс айтамыз!