Медицина қызметкерлері күні қарсаңында Қарағанды облысының санэпидбақылау департаментінің ұжымы әріптесі - Болат Айтмағамбетұлы Аброевты құттықтайды!

Медицина қызметкерлері күні қарсаңында Қарағанды облысының санэпидбақылау департаментінің ұжымы әріптесі  - Болат Айтмағамбетұлы Аброевты құттықтайды!

Болат Айтмағамбетұлы 1945 жылы 7 желтоқсанда Қарағандыда дүниеге келген. 1954 жылы оның отбасы Саран қаласына көшті. Мектепті бітіргеннен кейін Болат Айтмағамбетұлы Қарағанды медициналық институтына түсіп, 1973 жылы сәтті бітірді. Ол Торғай облысының Жақсы ауданына бөлініп, жеті жыл бойы аудандық санэпидемстанцияны басқарды. Ал 1980 жылдың тамызынан бастап ол 30 жыл бойы Саранның Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері болып жұмыс істеді және осы жылдары оның белсенді қатысуымен тұрғындарға санитарлық-эпидемиологиялық қызмет көрсетудің жоғары деңгейдегі  жүйесі құрылды. 

2009 жылы еңбек демалысына шыққаннан кейін Болат Аброев Саран қаласындағы санэпидсараптама орталығында санитариялық дәрігер қызметін жалғастырды, мұнда ол 2015 жылға дейін жұмыс істеді.

Болат Айтмағамбетұлы Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен, "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл", "Қазақстан мәслихатына 20 жыл" мерейтойлық  медальдарымен, Денсаулық сақтау министрінің Құрмет грамоталарымен марапатталған. "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісінің үздігі" Құрмет белгісіне ие болды. 

Мереке қарсаңында Болат Айтмағамбетұлы Сізге мықты денсаулық, отбасылық бақыт тілейміз!