Гүлнар Үмітханқызы 1962 жылы 1 қаңтарда Қарағанды облысы Қарқаралы қаласында дүниеге келген. 1980-1983 жылдары Қарағанды медициналық училищесінде "санитарлық-фельдшер" мамандығы бойынша оқыған. 1983-2022 жылдары Қарқаралы ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасында бас маман болып жұмыс істеді. Оның жалпы еңбек өтілі - 39 жыл.
Құрметті Гүлнар Үмітханқызы, осы мереке қарсаңында Сізге сарқылмас қуат пен зор денсаулық тілейміз. Сіздің өміріңіз бақытқа, мейірімділік пен сүйіспеншілікке толы болсын. Көпжылдық адал және баға жетпес еңбегіңіз үшін алғыс айтамыз!