СЕМИНАР: Безгектің алдын алу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар туралы

СЕМИНАР: Безгектің алдын алу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар туралы

  БҮГІН, 4 маусымда, Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті безгек ауруының алдын алу, оны ұйымдастыру және санитариялық-профилактикалық шараларды өткізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар бойынша zoom платформасында онлайн-семинар өткізді.

Семинарға басшылар мен АМСК медицина қызметкерлері қатысты. Шара барысында қатысушыларға безгек туралы, оның түрлері, таралу жолдары және аурудың алдын алу мақсаттары туралы ақпарат берілді. Сондай-ақ, эпидемиологиялық және клиникалық көрсеткіштер бойынша медициналық ұйымдар жүргізетін зерттеулер жайлы айтылды. 

Безгек ауруының клиникасы мен емдеу мәселелері бойынша Қарағанды қаласының №3 емхананың Отбасылық денсаулық орталығының меңгерушісі А. Иманова қатысты. Ауруды емдеу,  науқастарды динамикалық бақылау әдістері және жеке профилактикалық шаралар бойынша ұсыныстар берілді. Осындай ақпараттық-ағарту іс-шаралары медициналық қызметкерлердің аймаққа безгек ауруының енуінің алдын алу және дер кезінде анықтау мүмкіндігін арттыруға ықпал етеді.