
Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті ағымдағы жылы 30 мамырда жазғы кезеңде тамақтан улану, тағамдық токсикоинфекциялар, жіті ішек инфекцияларының алдын алу мақсатында Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасының алаңында "Халықаралық балаларды қорғау", "Құрбан айт" мерекелік бұқаралық іс-шаралары қарсаңында қоғамдық тамақтандыру объектілері, стационарлық емес жедел қызмет көрсету объектілерінің жеке кәсіпкерлік субъектілерімен, тамақ өнімдерінің көшпелі саудасына қатысушылармен, сондай-ақ, Қарағанды облысының аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының мамандарымен "Тамақ өнімдерін өңдеу, қабылдау, сақтау, өткізудің барлық кезеңдерінде санитарлық ережелер мен техникалық регламенттердің талаптарын сақтау. Қызметті жүзеге асыру үшін жарамды рұқсаттың болуы" тақырыбында семинар-кеңес өткізілді.
Кеңес барысында тамақтан улану, тағамдық токсикоинфекциялар, жіті ішек инфекциялары, ботулизмнің және басқа да жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында тамақ өнімдерін өңдеу, қабылдау, сақтау және өткізудің барлық кезеңдерінде санитарлық нормалар мен талаптардың сақталуына, қызметті жүзеге асыру үшін рұқсат беру құжаттарының болуы қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ, өткізу кезеңдерінде Кеден одағының техникалық регламенттерінің талаптарын түсіндіре отырып, 2025 жылдың 4-айындағы бақылау сатып алу нәтижелері туралы қатысушылардың назарына жеткізілді.
Алдағы "Құрбан Айт" мерекесіне байланысты ветеринариялық-санитариялық бақылау және тамақ өнімдерін қадағалау сұрақтарына Қарағанды облыстық аумақтық инспекциясының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі бөлімінің мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы жауап берді.
Іс-шараға қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар толықтай берілді.