
БҮГІН, 30 мамырда, еліміздің барлық ірі қалалары мен елді мекендерінде "Халық заңгері" жалпы республикалық акциясы өтуде, онда әрбір тілек білдіруші тегін заңгерлік кеңес алып, мемлекеттік органдардың өкілдеріне тікелей жүгіне алады.
Акцияның мақсаты - халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтарға тегін заңгерлік көмек көрсету.
Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Дмитрий Арнт "Халық заңгері" акциясына қатысып, өңір тұрғындарының сұрақтарына жауап берді.