Жиі қойылатын сұрақтарға жауап

Жиі қойылатын сұрақтарға жауап

Құрметті Қарағанды облысының тұрғындары!

Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті әлеуметтік желілерде "кеміргіштердің қаптап кетуіне" қатысты көптеген жарияланымдарға қатысты келесідей түсіндіреді, ҚР Президентінің "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктерді ажырату жөніндегі шаралар" Жарлығына сәйкес профилактикалық дератизациялық іс-шараларды жүзеге асыру (кеміргіштермен күресу) жергілікті атқарушы органдардың өкілеттігі болып табылады.

Сондай-ақ, "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 107-бабына сәйкес міндетті дезинсекцияны немесе дератизацияны санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдары адамның жұқпалы және паразиттік ауруларының ошақтарында және инфекциялық және паразиттік аурулардың табиғи ошақтарында ғана жүргізетінін хабарлаймыз.

Осы ретте, дератизация қызметтерін, ҚР аумағында қолдануға рұқсат етілген препараттарды пайдалана отырып, осы саладағы жұмыс тәжірибесі, жұмыстың осы түріне лицензиясы бар мамандандырылған ұйымдар көрсетеді.
Улы заттармен уланудың алдын алу үшін тұрғындарға кеміргіштерге қарсы өңдеуді өз бетінше жүргізу ұсынылмайды, міндетті түрде дезинфекциялық ұйымдардың қызметтеріне жүгіну қажет.