
БҮГІН, 27 мамырда, Қарағанды облысының санитариялық- эпидемиологиялық бақылау департаменті ZOOM режимінде кене энцефалитінің алдын-алу тақырыбында семинар өткізді.
Семинар жұмысына басшылар мен БМСК медицина қызметкерлері, санэпидбақылау басқарма мамандары қатысты. Семинарға қатысушыларға кене энцефалитімен сырқаттанушылықтың эпидемиологиялық жағдайы және кенелердің шағуымен байланысты маусымдық қауіптер туралы ақпарат берді.
Осы ретте, кене шағу жағдайлары тіркелген кезде жүргізілетін эпидемияға қарсы және алдын алу іс-шараларын ұйымдастыру мәселелері де қарастырылды. Семинар шеңберінде кене энцефалитінің клиникалық аспектілері бойынша дәрігер-инфекционист баяндама жасады. Қатысушыларға ауруға күдік туындаған жағдайда әрекет ету тәртібі, пациенттерді жолдау алгоритмі және шұғыл алдын алу шаралары бойынша практикалық ұсынымдар берілді.
Кене шағуына ұшыраған адамдарға диспансерлік бақылау жүргізу және кене энцефалитіне қарсы екпе алу мәселелеріне ерекше назар аударылды.