БҮГІН, 22 мамырда, Қарағанды қаласы Әлихан Бөкейхан ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы "Қарағанды темір жол ауруханасы" ЖШС медицина қызметкерлерімен, "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК Қарағанды облысы бойынша филиалының дезинфекция бөлімінің мамандарымен, Қарағанды қаласы полиция басқармасы қызметінің инспекторларымен бірлесіп "Конго-Қырым геморрагиялық қызбасына (ККГЛ) күдікті науқасты анықтау кезіндегі медицина қызметкерлерінің Қарағанды облысы бойынша іс-қимыл алгоритмдерін пысықтау" тақырыбында жаттығу оқу-жаттығуын өткізді.
Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты: "2021-2026 жылдарға арналған Қарағанды қаласының аумағын аса қауіпті инфекциялардың пайда болуынан, әкелуінен және таралуынан санитарлық қорғау жөніндегі эпидемияға қарсы іс-шаралардың кешенді жоспарын" орындау, тұрғындар арасында аса қауіпті инфекцияға күдікту жағдайдың тіркелуіне байланысты ұйымдастырушылық, профилактикалық, эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу кезінде санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің, Денсаулық сақтау объектілерінің және басқа да мүдделі қызметтердің өзара іс-қимылын пысықтау.