СЕМИНАР: Жіті ішек инфекцияларының алдын алу, вакцинамен басқарылатын инфекциялармен сырқаттану, ұжымдық иммунитеттің шекті деңгейін сақтау мәселелері

СЕМИНАР: Жіті ішек инфекцияларының алдын алу, вакцинамен басқарылатын инфекциялармен сырқаттану, ұжымдық иммунитеттің шекті деңгейін сақтау мәселелері

БҮГІН, 21 мамырда, Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті ZOOM режимінде жедел ішек инфекциясының алдын алу, вакцинамен басқарылатын жұқпалы аурулармен сырқаттану, ұжымдық иммунитеттің шекті деңгейін сақтау бойынша семинар жүргізді.

Семинарға мектепке дейінгі ұжымдардың басшылары мен медицина қызметкерлері қатысты (МДҰ). Семинарға қатысушылар жедел ішек инфекциясының эпидемиологиялық жағдайымен, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында эпидемияға қарсы және профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру сұрақтары қаралды.

МДҰ эпидемияға қарсы және профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру кезінде қызылша, көкжөтел, халықтың декреттелген топтарын иммундаумен қамту, ұжымдық иммунитеттің шекті деңгейін сақтау бойынша сұрақтар ерекше назар аударылды. Тергеу және мониторинг барысындағы кездескен бұзушылықтармен таныстырылды. Жоспарлы профилактикалық екпе алмаған балаларды мектепте дейінгі білім беру ұйымдарына қабылдау және егумен қамту бойынша ұсыныстар берілді.