⚜️Жаз – балалардың демалу мерзімі

⚜️Жаз – балалардың  демалу мерзімі

Құрметті ата-аналар, оқу жылы аяқталып, жазғы демалыс кезеңі басталуына санаулы күндер қалды. Осыған орай, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті балалардың жазғы демалысы  күтпеген тосынсый әкелмеуі,жайлы демалыс болуы үшін мынадай негізгі қағидаларды сақтау керектігін еске салады.

Жазғы маусымдық балалар лагерьлері (жыл бойы жұмыс істейтін ұйымдарды қоспағанда) сауықтыру маусымы басталғанға дейін объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны алуға міндетті.

Халықтың санитариялық - эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны алған балалардың жазғы  сауықтыру лагерлерінің тізілімі (реестр) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық – эпидемиологиялық бақылау комитетінің сайтына орналастырылады.

Балаңызға таңдаған лагеріңіздің сайттағы осы тізілімде  бар – жоғын қараңыз. Осы кеңеске назар аударып, баланыздың демалысына жауапкершілікпен қарағаныңыз - баланың демалыс кезіндегі қауіпсіздігін қамтамасыз етудің бірден-бір жолы. Белгісіз, әлеуметтік желідегі жарнамаға сеніп, баланы қауіпті жерге жіберуден сақ болыңыз.

Сонымен қатар, кез-келген таңдалған демалыс түрі балалар үшін мүмкіндігінше пайдалы және қауіпсіз болуы керек екенін ұмытпаңыз!