⚜️Атырау облысында екпемен басқарылатын ауруларға қарсы профилактикалық шараларды ұйымдастыру және 18 жасқа дейінгі адамдарды толықтыра егу жұмыстарын жүргізу бойынша облыстық семинар-кеңес

⚜️Атырау облысында екпемен басқарылатын ауруларға қарсы профилактикалық шараларды ұйымдастыру және 18 жасқа дейінгі адамдарды толықтыра егу жұмыстарын жүргізу бойынша облыстық семинар-кеңес

   Атырау облысында екпемен басқарылатын ауруларға қарсы профилактикалық шараларды ұйымдастыру және 18 жасқа дейінгі адамдарды толықтыра егу жұмыстарын жүргізу бойынша облыстық семинар-кеңес өтті.

   Семинарға Атырау қалалық,аудандық СЭББ-ның мамандарына,қалалық емханалар,аудандық ауруханалар иммундау сұрақтарына жауапты директорлар орынбасарлары,педиатр немесе жалпы практикалық дәрігерлері мен госпитальды эпидемиологтар қатысты.

   «Атырау облысында екпемен басқарылатын аурулардың эпидемиологиялық жағдайы.Нормативтік құжат.Індетке қарсы шараларды ұйымдастыру» туралы Атырау СЭБД инфекциялық және паразиттік ауруларды эпидемиологиялық  бақылау бөлімінің басшысы Сарсенғалиева Айнагүл Әділқызы толықтай баяндады.

   «Профилактикалық екпелерді жүргізу мерзімдері бұзылған адамдарды вакцинациялауға және толықтыра вакцинациялауға қойылатын талаптар» туралы «№7 Атырау қалалық емханасы» ШЖМҚ КМК-ның директорының орынбасары Умбетқалиева Нұрқаным Аубекерқызы толықтай баяндады.

   «Қызылша мен көкжөтел ауруларының этиологиясы,клиникалық белгілері,дифференциалдық диагностикасы мен емдеу әдісі», «А» вирустық гепатиттің этиологиясы,клиникалық белгілері,дифференциалдық диагностикасы мен емдеу әдісі, «Көкжөтелдің зертханалық диогностикасы», «Қызылша мен «А» вирустық гепатиттің зертханалық диагностикасы» тақырыптары бойынша баяндамалар айтылды.

   Қатысушылар тақырыпқа қатысты сұрақтар қойылып,мамандар тарапынан толыққанды жауаптар берілді.