⚜️Wipon CashBack қосымшасын пайдаланыңыз!

⚜️Wipon CashBack қосымшасын пайдаланыңыз!

Атырау облысының тұрғындары мен қонақтары назарына!

Wipon CashBack қосымшасын пайдаланыңыз!

 

Wipon CashBack қосымшасы - өнімнің түпнұсқалығы туралы ақысыз ақпарат алмасу бағдарламасы. Бұл әр азаматқа  қол жетімді етіп дайындалған, смартфондарыңыздың App Store және Play market платформаларында жүктеу арқылы пайдаланылатын қосымша.

Wipon CashBack қосымшасы жөнінде не білу керек?!

Бұл қосымша - сатып алушыларды жалған өнімдерден қорғауға және қауіпсіз тұтынуды қамтамасыз етуге арналған, смартфоныңызда өзіңізге ыңғайлы форматта дайындалған ақысыз құрал. Өнімді сатып алмас бұрын есепке алу маркасын сканерлеп, өнімнің заңдылығын тексеру арқылы денсаулыққа келтіретін жағымсыз салдарды болдырмауға көмектеседі.

Wipon CashBack қосымшасына тіркелу:

Қосымшаға телефон нөмеріңіз арқылы тіркеліп, оған автоматты түрде жіберілетін смс кодын енгізе отырып жұмыс атқарасыз. Жүйеге кіру үшін кейінірек енгізілетін құпия сөзді ойлап табу керек болады. Қолданбаның негізгі бетінде сіз танымал қызметтерді пайдалана аласыз және де шағым жасай аласыз.

Қосымшаның танымал қызметтеріне мыналар жатады:

  • Фиксалдық чекті сканерлеу;
  • Өнімнің штрих-кодын сканерлеу;
  • Акциздік таңбаны сканерлеу;

Қызметтердің ішінде «Өнімнің штрих-кодын сканерлеу» функциясы арқылы штрих-кодты пайдалану арқылы, сатып алынған өнім туралы,              яғни, ол өнім  азық-түлік немесе тұрмыстық тауарлар болсын  ақпаратты алуға мүмкіндік бере алады. Демек, қолыңыздағы смартфондағы мобильді қосымшаны пайдалану арқылы өнімнің қауіпсіздігі туралы ақпараттармен таныс бола аласыз. Сондай-ақ, егер тауар санитариялық-эпидемиологиялық тексеруден өтпесе, Сіз тауардың сараптамадан өтуіне дауыс бере аласыз.

Анықталған бұзушылықтар туралы «Wipon CashBack» тегін мобильді қосымшасы арқылы хабарлауға болады.