«Биологиялық белсенді қоспалар» адам ағзасына пайдасы мен зияны бар өнім. Дәріханаларда әртүрлі түрдегі биоқоспаларды: дәрілер, капсулалар, ұнтақтар, тұнбалар, бальзамдар, сироптар, гельдерді ұсынады. Әрбір адам дәріханадан (ББҚ) сатып алып, дәрігердің бақылаусыз қабылдап жатады. ББҚ құрамында өсімдіктер, шөптер, минералдар, тағамдық талшықтар, ара өнімдері, теніз өнімдері, балдырлар, пробиотиктер, ашытқылар және де басқа да заттар кіруі мүмкін. Бірақ дәріні олармен ауыстыруға, сондай-ақ ауруды өз бетінше емдеуге болмайды. Сондай-ақ рационның калориялалығын төмендету арқылы дене салмағын реттеу мақсатында да қолданады. Себебі, кейбір биологиялық белсенді қоспалар тәбетті төмендету қасиетіне ие. Созылмалы аурулар кезінде зат алмасу процестерінің бұзылысын алдын-алып, қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларына ағзаның тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Әрине, дәрумендер мен минералдар адам организміне қажет және организмінің өсіп-дамуына, ауруға қарсы тұруына қосымша әсер ете алады, демеуші әсерде болады. Сондықтан да ББҚ аурудың емі деп емес, қосымша ықпал етуші препарат қабылдау керек. Сонымен қатар, ББҚ жұқпалы аурулардың алдын-алуда да жалпы иммунитетті күшейтуге әсер етуі мүмкін. Ал қандай инфекцияға қарсы арнамалы әсер ете алмайды. Мысалы, ББҚ қолдану арқылы, қызылша немесе көкжөтел ауруынан қорғану мүмкін емес. Қорыта айтқанда, жарнамалар мен пікірлердің барлығына ден қоймас бұрын, ақпараттың қаншалықты рас және препарат құрамында қандай заттар бар екендігіне көз жеткізген абзал.
Атырау облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментімен 2023 жыл бойына Атырау облысы аумағындағы әлеуметтік желілер (Facebook Instagram) арқылы «Тағамға биологиялық белсенді қоспаларды» (БҚҚ) жарнамалау туралы заңнаманың сақталуын қадағалау үшін бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды жүзеге асырылған болатын. «Тағамдық белсенді қоспалар» өнімдерін жарнамалауды бұзу дерегі бойынша 105 аккаунттан иелері анықталды. Атырау облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басқармаларының мамандарымен бұзушылықтарды жою туралы ұсыныстар аккаунт иелеріне жолданып, соның ішінде қазіргі күні 24 жарнамалаушы, яғни аккаунт иесі бұзушылықтарды жою туралы ұсыныстардың орындалғаны жөнінде басқармаларға хат жолданған болатын. Жарнамалау кезінде анықталған кемшіліктерге келетін болсақ: сауда белгісінде өнімдердің негізгі қарсы көрсетілімдері көрсетілмеген, сауда белгісінде өнімдердің балаларға, жүкті әйелдерге және бала емізу кезіндегі аналарға арналған нұсқаулар көрсетілмеген, сауда белгісінде өнімдердің қолдануға көрнекі және түсінікті ұсынымдары көрсетілмеген, сауда белгісінде өнімдердің мемлекеттік тіркеу туралы куәлік нөмірі және берілген күні көрсетілмеген, т.с.с.
Осыған орай, Атырау облысының тұрғындары мен қонақтарын «Тағамдық биологиялық белсенді қоспалар» (БАД) өнімдерін таңдау, сатып алу және пайдалану барысында, аса мән беруге шақырады. Яғни, Тағамдық биологиялық белсенді қоспалар (БАД) өнімдеріне қатысты жарнамада Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 27 қазандағы № ҚР ДСМ-160/2020 бұйрығымен бекітілген қағида талаптары толық орындалуын, өнімнің қауіпсіздігін растайтын мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің бар екендігіне көз жеткізген жағдайда ғана пайдаланған абзал екендігін қаперлеріңізге береді.