Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 9 жағдай туралы ақпарат (05.05.2020 жылғы мәлімет бойынша)

Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 9 жағдай туралы ақпарат  (05.05.2020 жылғы мәлімет бойынша)

COVID-19 жұқтырған
9 адам Теңіз кен орнында жұмыс істейтін мердігерлік ұйымдардың қызметкерлері.
Олардың сегізі 1993, 1999, 1979, 1992, 1985, 1999 және екеуі 1981 жылы туған ер адамдар, сондай-ақ біреуі 1981 жылы туған әйел адам.

Науқастар корнавирус инфекциясын жұқтырған адаммен байланыста болғандықтан карантиндік стационарға жатқызылған.
Олардан зертханалық сынамалар алынып, ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша COVID-19 диагнозы қойылды.

Қазіргі таңда науқастар жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Жағдайы қанағаттанарлық, бекітілген хаттамаға сәйкес ем алуда.

Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынды.

Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.

05.05.2020 жағдай бойынша аймақта COVID-19 жұқтырған
202 адам анықталды.
Жазылып шыққандар - 76 .


⚡ Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы