Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 9 жағдай туралы ақпарат (04.05.2020 жылғы мәлімет бойынша)

Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 9 жағдай туралы ақпарат  (04.05.2020 жылғы мәлімет бойынша)

COVID-19 жұқтырған
9 адам Теңіз кен орнында жұмыс істейтін мердігерлік ұйымдардың қызметкерлері.
Олардың үшеуі 1971 , 1978, 1983 жылы туған әйел адамдар, сондай-ақ алтауы 1966,1989, 1991, 1994, 1995, 1997 жылы туған ер адамдар.

Науқастар корнавирус инфекциясын жұқтырған адаммен байланыста болғандықтан карантиндік стационарға жатқызылған.
Олардан зертханалық сынамалар алынып, ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша COVID-19 диагнозы қойылды.

Қазіргі таңда науқастар жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Жағдайы қанағаттанарлық, бекітілген хаттамаға сәйкес ем алуда.

Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынды.

Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.

04.05.2020 жағдай бойынша аймақта COVID-19 жұқтырған
193 адам анықталды.
Жазылып шыққандар - 76 .


⚡ Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы