⚜Өнімнің қауіпсіздігі жіті бақылауда

⚜Өнімнің  қауіпсіздігі жіті бақылауда

Өнімдердің   сапасы  мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесінің  өзектілігі  жыл сайын артуда, себебі азық-түлік өнімдері мен өндірістік шикізаттардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету халықтың денсаулығы мен гендік қорының сақталуын анықтайтын негізгі факторларының бірі болып табылады.

Соңғы жылдары өнімдердің   қауіпсіздігі  еліміздің  өзекті  мәселелерінің бірі болып табылады. Тамақ өнімдерін өндіру түрлілігі, ассортименттерінің кеңеюі  тұтынушыларға азық-түлік өнімдерінің өндірісінің барлық сатыларында және сатылымында жоғарғы сапа мен қауіпсіздігінің кепілінің қажеттілігіне әкеп соқтырады.

   Ет өнімдері – бұл жануарлардың немесе  өсімдік минералдық, микробиологиялық, жасанды шығу тегі индиедиенттерін падаланбай немесе пайдалана отырып, сойылған өнімдерді қайта өңдеу жолымен дайындалған тағам өнімі.

Ағымдағы жылы облыс аумағында –өнім қауіпсіздігіне бақылау  жүргізу аясында  ет және ет өнімдерінен 429  сынама сатып алынды. (отандық-131 өнім, ЕАЭС -156 өнім, басқа да елдерден 9-өнім) Оның ішінде 107  өнімнен сәйкессіздік анықталды. Микробиологиялық көрсеткіштер бойынша 27 сәйкесіздік , ( сиыр етінен тартылған ет өндіруші ЖК Мартиросян А.О. РФ Астрахань  қ-сы Кумисова к-сі 42,тұшпара сиыр етінен отбасыға арналған өндіруші «Aiba Fooda Conmany» ҚР Алматы қ-сы  Рагушинго көшесі №66, шұжық  Гановерский экстра өндіруші ООО Ростов шұжық зауыты «Тавр»РФ Ростов облысы Ростов на Дону қаласы Буденовский өткелі №99 және т.б.) және таңбаланудан 86 сәйкессіздік, ( шұжық сервелат «Папа может» өндіруші АҚ ОМПК РФ Москва қ-сы Красноармейский көшесі, 10 строение 7,құс еті «Благояр»мұздатылған жартылай фабрикат өндіруші ООО Ставропольский бройлер П (3)филиал мясоптицекомбинат РФ Ставропольск өңірі Благодарный қаласы вокзальная көшесі №37 ,шұжық сервелат Мусульманский жартылай қақталған салқындатылған б категориясы РФ Астрахань қаласы  Рожденственского көшесі №4а және т.б.) анықталған.

Анықталған бұзушылықтар бойынша кәсіпкерлік субъектілеріне Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын  бұзушылықтарды жою  туралы нұсқама берілді және де міндетті түрде жою тәртібі түсіндірілді.

Сою өнімдері мен ет өнімдерін  таңбалау  «Тамақ өнімдерін таңбалау бөлігінде» Кеден Одағының техникалық регламент талаптары (КО ТР 022/2011) сондай-ақ осы техникалық регламенттің 107-126 тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес болуы керек.

Тұтынушылар сатып алу кезінде ет өнімдерінің таңбалануы тиіс:

- сою өнімдері мен ет өнімдерінің ерекше  белгілерін қамтитын  ақпараттары бар таңбалау (мәселен, «сапасы жоғары ет», «мәрмәр ет», «халал», «қоспасы жоқ ет»). Тамақ өнімдерін таңбалау бөлігінде» Кеден Одағының техникалық регламент талаптары (КО ТР 022/2011) сәйкес болуы керек;

-тұтас, жартылай, ширек еттерге тікелей ветеринария саласындағы мүше мемлекеттердің нормативтік құқықтық актілерімен бекітілген талаптарға сәйкес ветеринариялық таңба бедері басылады;

-қапталмаған сою өнімдері  ілеспе құжаттарына келесі ақпараттар көрсетіледі:

-сою өнімдері алынған жануарлар түрінің еті, сою өнімінің  атауы, өнімнің  тұтас, жартылай, ширек, кесек еттердің термиялық бөлігі ( кесектер);

-сою өнімдерін шығарушының атауы және орналасқан жері;

-сою өнімдерінің саны;

-дайындалған күні, жарамдылық мерзімі, сою өнімдерін сақтау шарттары;

-Көліктік немесе тұтынушылық қаптама болған жағдайда, жоғарыда көрсетілген ақпараттар таңбалануда немесе тауарға ілеспе құжаттарда көрсетіледі.

Жоғары аталған мәліметтерді қаперге ала отырып, Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Департаменті облыс  аумағындағы сатушыларға өнімдерді сату барысында Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнамасының, гигиеналық нормативтер мен техникалық регламенттердің талаптарын қатаң сақтауға, яғни өнімдердің мемлекеттік тілде заттаңбасы болуын, сақтау шартын, жарамдылық уақытын қадағалауға,  ал тұтынушыларды өнімдерді сатып алу барысында  аталған ережелерді  басшылыққа алып,  өнімнің заттаңбасына мән беріп, қауіпсіз өнім таңдауға шақырады.