«Өнімдердің таңбалауындағы қателіктер», «Биологиялық белсенді қоспалардың заңсыз жарнамалануы» және «Тамақтан уланудың алдын алу» және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша семинар өтті.
2023 жылы 1 наурыз күні Атырау облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ұйымдастыруымен ҚР ҰКП «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының қатысуымен, облыс аумағындағы көтерме және бөлшек сауда нысандары және тамақтану орындарының жеке кәсіпкерлерінің арасында «Өнімдердің таңбалауындағы қателіктер», «Биологиялық белсенді қоспалардың заңсыз жарнамалануы» және «Тамақтан уланудың алдын-алу» және Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша оффлайн форматта «APEC PETROTECHNIC ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖ» ЖШС акт залында семинар ұйымдастырылды.
Семинарда Атырау облысы бойынша тіркелген топтық тамақтан улану жағдайлары бойынша, санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды алу бойынша, өндірістік бақылау бағдарламасын жүргізу бойынша, санитарлық талаптарды сақтау бойынша, өнім қауіпсіздігін мониторг шеңберінде атқарылған жұмыстар мен өнімдерден табылған сәйкессіздіктер бойынша және оны жою бойынша нұсқамалар, қазіргі таңда ҚР Кодексі заңнамасына өзгерістер енгізілуіне орай бармай профилактикалық бақылау мен қадағалау бойынша жүргізіліп жатырған жұмыстар жөнінде мәселелер талқыланып, қатысушылардан сұрақтар қойылып, Департамент мамандарымен толықтай жауап берілді.