Білім алушылар білім беру ұйымдарының ғимаратына кірген және шыққан кезде:
- Медицина қызметкерлері барлық қызметкерлер мен білім алушыларға
күнделікті таңертеңгі сүзгіні жүргізеді:
- жанаспайтын термометрия;
- ғимаратқа кіреберісте қолды антисептикпен өңдеу;
- аяқ киімнің табанын өңдеу;
- аяқ киімді ауыстыру;
- Мектепте жүріп-тұру, оның ішінде баспалдақпен көтерілу «бір жақты
қозғалыс» қағидасы бойынша арнайы көрсеткіштермен таңбаланады;
- Кезекте қашықтықты қамтамасыз ету үшін кірер алдында асфальтқа таңба
қойылады;
- Жалпы білім беру объектісінің үй-жайларында , ғимаратында
қашықтықты сақтау үшін сигналдық белгілер қойылады;
- Білім беру объектілеріне, білім беру объектісінің аумағында, дәліздерде,
үй-жайда оқушылардың қозғалысы кезінде кемінде 1,5 метр қашықтықты сақтау;
- оқушылардың, персоналдардың қолдарын өңдеуге арналған тері
антисептигі бар санитайзерлер әр қабатта, әр сыныпта (аудиторияда, кабинетте), санитариялық тораптарда және лас маскаларға арналған таңбаланған сыйымдылықтарда орнатылады;
- оқушылар мен қызметкерлерге арналған санитариялық тораптарда
дозаторларда сабынның, дозаторларда қолға арналған дезинфекциялық құралдардың болуы, қол жуу қағидалары бар плакаттардың болуы қамтамасыз етіледі.
Сабақ режимін және жұмыс орнын ұйымдастыруда
жүргізілетін іс-шаралар
- Сабақтар арасындағы үзіліс уақыты әр түрлі сыныптар (топтар) үшін әр түрлі уақытта белгіленеді;
- Кабинеттік жүйе болмайды;
- 1 оқу күніне үстелде оқу құралдары бар (дербес оқулықтар, кеңсе) ресурстық лотокпен бір-бірінен кемінде 1,5 метр қашықтықта 1 нақты білім алушыға 1 парта (үстелді) бекітіледі;
- Мектепке келген кезде (сабақ басталғанға дейін), үзілістерде, көшеде серуендегеннен кейін, санитариялық торапта болғаннан кейін және басқа да ластану жағдайларында оқушылардың қолдарын уақтылы жууын (сұйық сабынды пайдаланып қолды жуу) сыныптарда (топтарда) бақылау жүзеге асырылады;
- Түшкіру және жөтелу кезінде пайдаланылған маскаларды, қолғаптарды, сулықтарды кәдеге жарату үшін арнайы орындарға салынады;
- Маскаларды дұрыс пайдалану мақсатында уақтылы (әрбір 2 сағат сайын және зақымданған жағдайда) ауыстырылуға жатады;
- Мектепке инфекциялық аурулардың (респираторлық, ішек, дене қызуының көтерілуі) белгілері бар балалар жіберілмейді;
- Инфекциялық аурулар белгілері бар балалар көрсетілген белгілер анықталған сәттен бастап жедел (кезек күттірмейтін) медициналық көмек бригадасы келгенге дейін не ата-аналары (заңды өкілдері) келгенге дейін дереу оқшауланады немесе үй жағдайында өздігінен оқшаулау жүзеге асырылады;
- Кабинеттерде жүру, мұғалімге бару, сыныптан тыс іс-шаралар мен ата-аналар жиналыстарын өткізу шектеледі;
- Кезекші сыныптарда оқытуды ұйымдастыру кезінде мынадай талаптардың орындалуы қамтамасыз етіледі:
- сыныптың толымдылығы - 15 баладан аспайды;
- сабақтың ұзақтығы - 40 минут;
- әр түрлі сыныптар үшін әр уақыттағы өзгерістер;
- әр сабақтан кейін кабинеттерді желдету, кварцтау;
- әр сабақтан кейін қолды жуу және арнайы құралдарды қолдану;
- сабақ кестесі білім беру ұйымының оқу жылына арналған жұмыс оқу жоспарына сәйкес жасалады;
- сабақтар кестеге сәйкес өткізіледі.