⚜️Денге қызбасы

⚜️Денге қызбасы

Денге қызбасымен аурушаңдықтың көрсеткіші 2026 жылғы бірінші тоқсанына Непалда өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда екі есе өсті (450-ден астам жағдай). Вирустың таралу географиясының кеңеюі және қысқы кезеңде тасымалдаушылардың (Aedes aegypti», «Aedes albopictus» тұқымдас масалар) белсенділігі сақталуы алаңдаушылық тудырады. Жаңбыр маусымының басталуына байланысты эпидемиологиялық процестің нашарлауы күтілуде.

          Денге қызбасы – бұл тропиктік және субтропиктік климаты бар елдерде маса шағу арқылы таралатын вирустық инфекция. Ол Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде кеңінен таралған.   Aedes туыстығындағы масалар тұрып қалған су қоймаларында көбейеді және тәуліктің жарық уақытында аса белсенді болады.

Инкубациялық кезең (маса шаққан сәттен бастап алғашқы белгілер пайда болғанға дейінгі уақыт) 3 күннен 14 күнге дейін (орта есеппен 4-7 күн) созылады.

Денге безгегінің белгілері тұмаудың белгілеріне өте ұқсас: жоғары температура, сүйектер мен бұлшықеттердің ауырсынуы, көздің ашуы мен қызаруы, жөтел мен мұрынның бітелуі, іш өтуі және бөртпе.

Аурудың ауыр жағдайларында геморрагиялық синдром дамып, ішкі ағзалар зақымданады. Сонымен қатар, шок (терінің бозаруы, тыныстың жиілеуі, суық тер шығу, терінің жабысқақтығы, ұйқышылдық, тамыр соғысының жиілеуі, естен тану) және сарғаю сияқты асқынулар пайда болуы мүмкін.

Денге қызбасына арналған арнайы ем жоқ. Бұл аурудың ауыр түрін емдеу кезінде науқас ағзадағы сұйықтық көлемін тиісті деңгейде ұстап тұрудың маңызы зор.

Денге қызбасы бойынша эндемиялық елдерге шығуды жоспарлағандарға жабық киім кию, масадан қорғайтын торлы қалпақ, маса шағудан қорғайтын құралдарды (репелленттерді) пайдалану ұсынылады. Сондай-ақ, алғашқы ауру белгілері пайда болған жағдайда дереу дәрігерге көрініп, Денге қызбасынан эндемиялық елдерде болғаныңызды хабарлауыңыз қажет.