⚜️Семинар

⚜️Семинар
ҚР ДСМ СЭБК Атырау облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мен Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының 2025 жылғы 11-14 шілдедегі №102/197 бірлескен бұйрығының негізінде «Медициналық ұйымдарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары және «Медициналық ұйымдардағы инфекциялық профилактикасы және инфекциялық бақылау»
туралы тақырыбында 2025 жылғы 18 шілдеде Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Г.А.Ирбатырованың, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Ә.Ғ.Джанғалиеваның төрағалығымен облыстық семинар өткізілді.
Семинарға облыстық, денсаулық сақтау ұйымдарының және жеке медициналық ұйымдарының директорлары, мониторингтік топтардың басшылары, дәрігер эпидемиологтар, инфекциялық бақылау мейірбикелері қатысты. Семинарға барлығы 63 адам қатысты.
Семинарда Атырау облысы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Г.А.Ирбатырованың, ауруханаішілік инфекцияларды бақылау бөлімі басшысы Н.Н.Исламованың, бас маманы А.Т.Туманшинаның, «Park Health West» ЖШС медициналық клиникасының дәрігер эпидемиологы Г.Д.Таубаеваның, Атырау облыстық инфекциялық аурухасының бактериология зертханасының меңгерушісі А.Ж.Қитанованың баяндамалары тыңдалды.
Семинар қатысушыларға Қазақстан Республикасында және Атырау облысында медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекциялар бойынша қалыптасқан эпидемиологиялық ахуалмен, облыстағы инфекцияның алдын алу және оған қарсы күрес жүйесін жетілдірудің 2022-2027 жылдарға арналған жоспарымен, медициналық көмек көрсетумен байланысты жұқпалардың таралуын төмендету және 2023-2027 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында микробқа қарсы тұрақтылықты шектеулермен, денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын бақылау және қадағалау, өндірістік бақылау, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілермен таныстырылды.