Жеке кәсіпкерлер назарына!
«Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау» сервистік бағдарламалық өнімін жобалауға арналған тапсырманы (бұдан әрі – СЭҚ АЖ) іске асыру шеңберінде мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және қадағалау процестерін автоматтандыру жөніндегі жұмыс жалғасуда.
СЭҚ АЖ-сі санитариялық-эпидемиологиялық бақылауға жататын бақылаудағы объектілер мен өнімдер туралы деректерді тиімді басқаруға бағытталған.
СЭҚ АЖ бизнестің жұмыс орны бойынша бақылаудағы субъектілердің алдағы тексерулер мен бақылау нәтижелері туралы мемлекеттік органнан хабарлама алу, өндірістік бақылау бойынша мемлекеттік органға есеп жіберу және т. б. мүмкіндіктері көзделген.
Бизнес субъектілері үшін қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін https://e-sen.kz/https://e-sen.kz/ веб-платформасы жұмыс жасайтындығын қаперлеріңізге береміз.