⚜️«Су тасқыны кезеңінде санитариялық-профилактикалық іс-шараларды күшейту туралы »2024 жылғы 16 сәуірдегі №1 қаулысы

        АТЫРАУ ОБЛЫСЫНЫҢ                                                                         ГЛАВНЫЙ                        

         БАС МЕМЛЕКЕТТІК                                                                        ГОСУДАРСТВЕННЫЙ

САНИТАРИЯЛЫҚ ДӘРІГЕРІ                                                                  САНИТАРНЫЙ ВРАЧ       

                                                                                                                     АТЫРАУСКОЙ ОБЛАСТИ                                                                                                                                                                                              

                                                                                                                  

   ________________________________________________________________________________                                                                                                           

                 ҚАУЛЫСЫ                                                                       ПОСТАНОВЛЕНИЕ

2024 жылғы  «16» сәүірдегі № 1                                                «16»  апреля 2024 года № 1 _        

                     Атырау қаласы                                                                                город Атырау

 

 

 

 

Су тасқыны кезеңінде

санитариялық-профилактикалық

іс-шараларды күшейту туралы

 

Су тасқыны аймағында халық арасында инфекциялық аурулардың таралуының алдын алу және Атырау облысының аумағында санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылықты қамтамасыз ету мақсатында, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 102-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Атырау қаласының, аудандардың әкімдеріне:

1.1. Зардап шеккен аумақтардағы су құбыры жүйелері мен құрылыстары істен шыққан жағдайларда:

1) халыққа шаруашылық-тұрмыстық мақсаттар үшін мамандандырылған автокөлікпен жеткілікті мөлшерде сапасына кепілдік берілген су жеткізуді не бөтелкедегі ауызсуды (тәулігіне бір адамға кемінде 3 литр есебінен) таратуды ұйымдастырсын;

2) су алу орындарында сумен қамтамасыз ету объектілерін және ашық су көздерін қарап-тексеруді ұйымдастырсын;

3) ауылдық және қалалық елді мекендерде пайдаланылатын орталықтанған және орталықтанбаған сумен жабдықтау көздеріне (каптаждарға, құдықтарға, ұңғымаларға) ерекше назар аударсын;

4) халықты қайнамаған суды ауызсу мақсатында пайдалануға тыйым салу туралы хабардар етсін. Суды тасымалдау (беру) кестесін әзірлесін және халықтың назарына жеткізсін.

1.2. Санитариялық-профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу үшін:

1) дезинфекция, дезинсекция және дератизация жүргізу бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алуға қаражат бөлуді көздесін;

2) орталықтанған және орталықтанбаған сумен жабдықтау жүйелерін (каптаждар, құдықтар және т.б.), суды бұру жүйелері мен құрылыстарын (қазба шұңқырларды, аула қондырғыларын қоса алғанда), аумақтар мен ғимараттарды өңдеу үшін дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау құралдарының қорын құрсын.

1.3. Уақытша орналастыру пункттерінде (УОП):

1) эвакуацияланған халықтың және тұрғындарға көмек беретін контингентердің (әскерилер, студенттер т.б.) тұруына, тамақтануына және тұрмыстық қамтамасыз етілуіне тиісті жағдайлар жасасын;

2) гигиеналық заттарды (сабын, дезинфекциялау құралдары) таратуды, жуынуды, кірлерді жууды  ұйымдастырсын;

3) үй-жайларды уақтылы тазалауды, дезинфекциялауды, желдетуді қамтамасыз етсін, микроклиматқа өлшеу жүргізсін;

4) санитариялық қағидалардың талаптарына сәйкес оқушыларды оқыту және тамақтандыру режимдерін сақтай отырып, білім беру ұйымдарында ашылған УОП-да санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз етсін.

1.4. Су басқан аймақтарда:

1) су мен топырақтың инфекциялық қауіпсіздігі дәрежесіне мониторинг жүргізсін және бағаласын;

2) ветеринариялық бақылау органдарымен бірлесіп су басқан аймаққа енген мал қорымдары мен сібір жарасының топырақ ошақтарында қорғау іс-шараларының жүргізілуін бақылауды қамтамасыз етсін.

1.5. Су тасқыны жағдайын тұрақтандыру кезінде:

1) су құбыры жүйелері мен құрылыстарын, орталықтанған сумен жабдықтау жүйелерін тазалауды және дезинфекциялауды;

2) арнайы бөлінген учаскелерде жиналған қалдықтарды кәдеге жарата отырып, елді мекендердің аумақтарын (жеке үй иеліктері, тұрмыстық қатты қалдықтар полигондары мен полигондары, зираттар, контейнерлік алаңдар және басқа да объектілер) санитариялық тазалауды; қажеттілігіне байланысты әрі қарай дезинфекциялауды жүргізуді;

3) сібір жарасы көмілген ошақтарды  зертханалық зерттей отырып,  халық және жануарлар арасында инфекциялық аурулардың және аса қауіпті инфекциялардың таралуына жол бермеу жөніндегі іс-шараларды жүргізуді қамтамасыз етсін;

4) Қызылқоға ауданының Жангелдин, Қоныстану ауылдарында орналасқан сібір жарасы мал қорымдарын реконструкциялау және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу;

5) су тасқыны аяқталғаннан кейін су басқан аумақтарда, сібір жарасы мал қорымдарында дезинфекциялау және дератизациялау іс-шараларын жүргізу, өлген жануарларды белгіленген талаптарды сақтай отырып жинау және көму (кәдеге жарату).

  1. Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

2.1. Су тасқыны кезеңінде емдеу-профилактикалық мекемелердің науқастарды уақтылы анықтауға, диагностикалық тексерулер жүргізуге, емдеуге жатқызуға, оларға білікті медициналық көмек көрсетуге дайындығын қамтамасыз етсін;

2.2. Дәрі-дәрмек және дезинфекциялау құралдарының, медициналық иммундық-биологиялық препараттардың және шұғыл профилактика құралдарының қажетті қорын құрсын;

2.3. УОП-ға эвакуацияланған адамдарды күнделікті медициналық бақылауды қамтамасыз етсін;

2.4. Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарымен бірлесіп су басуы ықтимал аймақтарда эпидемиялық көрсеткіштер бойынша иммундауға жататын халықтың контингенттерін айқындау және иммундау жүргізуді қамтамасыз етсін;

2.5. Халық арасында инфекциялық аурудың әрбір күдікті және расталған жағдайына санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарына шұғыл хабарламаларды жедел жіберуді қамтамасыз етсін;

2.6. «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға инфекциялық аурулар, улану оқиғалары туралы ақпарат (шұғыл хабархат) беру қағидаларын бекіту туралы»  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 26 қазандағы № ҚР ДСМ-153/2020 бұйрығына сәйкес УОП-ға эвакуацияланған, инфекциялық ауру белгілері бар адамдарды дереу оқшаулауды және эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізуді қамтамасыз етсін;

2.7. Инфекциялық аурулармен ауыратын науқаспен байланыста болған адамдарды медициналық бақылауды қамтамасыз етсін;

2.8. Халық арасында инфекциялық және паразиттік аурулар  тіркелген кезде науқастарды оқшаулауды және емдеуге жатқызуды қамтамасыз етсін;

2.9. Халық арасында екпемен басқарылатын аурулардын алдын алу мақсатында 18 жасқа дейінгі профилактикалық екпелерін өткізіп алған адамдарға толықтыра иммундау жұмыстарының жүргізілуін қамтамасыз етсін;

2.10. Қызылшамен ауыратын адаммен тығыз байланыста болған 30 (отыз) жасқа дейінгі егілмеген, егілгені туралы деректері жоқ немесе осы инфекцияға қарсы екінші профилактикалық егуі жоқ адамдарға, қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы моновакцинамен науқаспен соңғы байланыста болған сәттен бастап 72 (жетпіс екі) сағаттан кешіктірілмей шұғыл вакцинациялау жүргізсін;

2.11. Су басқан аймақта тиісті контингенттің (14 жасқа дейінгі балалар) А вирустық гепатитіне қарсы иммундалуын қамтамасыз етсін;

2.12. Вакциналарды сақтаудың қажетті жағдайын қамтамасыз етсін (температуралық ережені сақтау), су басу қауіпі туындаған жағдайда барлық қажетті «салқындату тізбесі» талаптарын сақтай отырып қауіпсіз участоктарда орналастыруды шешсін;

2.13. Барлық эвакопункттер мен тұрғындарға көмек беретін контингенттердің орналасқан орындарын тәуіліктік медициналық бақылаумен қамтамасыз етсін. Эвакопункттерді медициналық ұйымдарға бекітсін.

  1. Орталықтанған су көздерін, сумен жабдықтау жүйелерін және орталықтанбаған сумен жабдықтау көздерін пайдалану бойынша көрсетілетін қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер:

3.1. Халықты сапасына кепілдік берілген ауызсумен қамтамасыз етсін;

3.2. Реагенттер мен зарарсыздандыру құралдарының тәуліктік жұмсалуына қарай қажетті мөлшерінің болуын және оларды есептеуді жүргізсін және су дайындау технологиясының мүлтіксіз сақталуын  қамтамасыз етсін;

3.3. Халыққа берілетін ауызсудың, оның ішінде микробиологиялық және вирусологиялық көрсеткіштер бойынша қауіпсіздігіне өндірістік бақылауды күшейтсін;

3.4. Су дайындау технологиясына, сумен қамтамасыз ету объектілеріне қойылатын санитариялық қағидалардың және ауызсу қауіпсіздігі көрсеткіштерінің гигиеналық нормативтерінің талаптарына сәйкес ауызсуды уақтылы зарарсыздандыруды жүргізсін;

3.5. Гигиеналық нормативтердің талаптарынан ауытқушылық анықталған жағдайда тез арада мүдделі мемлекеттік органдарды хабардар етсін.

  1. Су басқан аймаққа енген аумақтарда тамақ өнімдерін өндіру және өткізу бойынша көрсетілетін қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер:

4.1. Өнімді өндіру, тасымалдау, сақтау және өткізу кезінде санитариялық қағидалардың сақталуын және санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шаралардың жүргізілуін өндірістік зертханалық бақылауды күшейтсін;

4.2. Тамақ өнімдерін өндіру барысында мекемелерді қауіпсіз және сапалы ауыз сумен қамтамасыз етсін;

4.3. Персоналдың жеке бас гигиенасын антисептиктерді пайдалан отырып сақтау жағдайын қамтамасзы етсін, дезинфекциялық режимді қамту шараларын күшейтсін;

4.4. Аумақтарды  және өндірістік кәсіпорындарды  су басқан жағдайда басқарушылық шешімдер қабылдау үшін мүдделі мемлекеттік органдарды хабарлауды қамтамасыз етсін.

  1. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аумақтық басқармалары (бұдан әрі – аумақтық басқармалар) басшылары:

5.1. Орталықтанбаған сумен жабдықтау көздеріне (құдықтарға, каптаждарға, ұңғымаларға) ерекше назар аудара отырып, су басқан аймаққа енген аумақтардағы судың сапасына, су құбыры және кәріз желілерінің жай-күйіне тұрақты негізде гигиеналық бағалау жүргізсін. Сәйкессіздік қорытындылары анықталған жағдайда бақылау нүктелерін көбейтіп, зерттеу көлемін кеңейтсін (толық санитарлық-химиялық зерттеу, вирусологиялық зерттеу, паразитологиялық зерттеу). 1 категориялы ашық су көздерінен    сынама аптасына 1 рет, соның ішінде энтеровирусқа алынсын;

5.2. Сумен жабдықтау объектілерінің жұмысына, суды дайындау және суды зарарсыздандыру технологиясына, сондай-ақ дезифекциялау және дератизациялау іс-шараларының жүргізілуіне, сондай-ақ су тасқыны салдарын жою кезінде де бақылау орнатсын;

5.3. Су тасқыны кезеңінде, УОП халықтың тіршілігін қамтамасыз ету объектілерінің жұмысына, профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралардың жүргізілуіне бақылауды күшейтсін;

5.4. Эвакуацияланған халықтың 20-дан астамы орналастырылған УОП-да СЭББ мамандарының тәулік бойы кезекшілігін белгілесін;

5.5. УОП-да орналасқан су басқан орындардан эвакуацияланған халықты тамақтандыруды және олардың тұруын ұйымдастыруды бақылауды қамтамасыз етсін;

5.6. УОП үй-жайларын уақтылы тазалауды, дезинфекциялауды және желдетуді бақылауды күшейтсін;

5.7. Су басқан аймақта тиісті контингенттің (14 жасқа дейінгі балалар) А вирустық гепатитіне қарсы иммундалуын бақылауды қамтамасыз етсін;

5.8. Халық арасында екпемен басқарылатын аурулардын алдын алу мақсатында 18 жасқа дейінгі профилактикалық екпелерін өткізіп алған адамдарға толықтыра иммундау жұмыстарының жүргізілуін бақылауды қамтамасыз етсін;

5.9. Қызылшамен ауыратын адаммен тығыз байланыста болған 30 (отыз) жасқа дейінгі егілмеген, егілгені туралы деректері жоқ немесе осы инфекцияға қарсы екінші профилактикалық егуі жоқ адамдарға, қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы моновакцинамен науқаспен соңғы байланыста болған сәттен бастап 72 (жетпіс екі) сағаттан кешіктірілмей шұғыл вакцинациялау жүргізілуін бақыласын;

5.10. Су тасқыны кезеңінде бұқаралық ақпарат құралдарында халық арасында инфекциялық аурулардың, ең алдымен ішек инфекцияларының жеке және қоғамдық алдын алу шаралары туралы түсіндіру жұмыстарын кеңінен жүргізуді қамтамасыз етсін;

5.11. Эвакуацияланған халыққа және ТЖ жоюға қатысатын мамандарға ыстық тамақты ұйымдастыруға тартылған қоғамдық тамақтану объектілерінде және УОП-да ауызсу мен дайын тағамдардың сынамаларын іріктеуді жүргізсін.

  1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК-ның Атырау облысы бойынша филиалының директоры:

6.1. Қоршаған орта объектілеріне кеңейтілген зерттеулер жүргізу үшін зертханалардың дайындығын, дезинфекциялау құралдарына арналған тест-жүйелердің қажетті қорын қамтамасыз етсін;

6.2. Зертханалық зерттеулерді жедел жүргізуді қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

 

 

Атырау облысының Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігерінің орынбасары                      А. Искакова

 

 

                                         

 

 

 

 

Согласовано

15.04.2024 18:53 Утепкалиева Жайнагуль Мандыргалиевна

15.04.2024 18:53 Сарсенгалиева Айнагуль Адиловна

Подписано

15.04.2024 18:53 Искакова Айгуль Сабировна

        

    

Дата публикации
16 апреля 2024