Нәрестелерді иммунизациялау мәселелері бойынша қалалық семинарлар өткізілді

Нәрестелерді иммунизациялау мәселелері бойынша қалалық семинарлар өткізілді

Ағымдағы жылдың 13 - 15 мамыры аралығында Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы мен Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының бірлескен бұйрығы негізінде нәрестелерді иммунизациялау мәселелері бойынша қалалық семинарлар өткізілді.

Семинарлар басшы орынбасары Әсел Тоқанқызы Қалықованың төрағалығымен өтіп, Департаменттің инфекциялық және паразиттік ауруларды бақылау бөлімінің бас маманы В.А. Юсупов пен аса қауіпті инфекцияларды және туберкулезді бақылау бөлімінің бас маманы А.С. Асылова баяндама жасады.

Семинарларға перзентханалар мен қалалық емханалардың орталық егу пунктерінің медициналық қызметкерлері қатысып, Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас фтизиопедиатры М.М. Тастайбекова мен №12 қалалық емханасының иммунологы С.Ю. Постнова арнайы шақырылды.

Сондай-ақ, семинарлар барысында қауіпсіз иммунизациялау тәжірибесі, екпе  кабинетіне қойылатын талаптар, туберкулезге, «В» вирусты гепатитіне  қарсы  және басқада Қазақастан Республикасы Ұлтық егу кестесіне сәйкес жүргізілетін профилактикалық екпелер туралы мәселелер қарастырылды.