2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда алкоголь өнімінің қауіпсіздігі жөніндегі жаңа техникалық регламент күшіне енді. Бұл құжат (техникалық регламент) алкоголь өнімінің сапасын жақсартуға және өнімді өндірудің, сақтаудың және таңбалаудың нақты стандарттарын енгізу арқылы азаматтардың денсаулығын қорғауға бағытталған.
Жаңа техникалық регламентті қабылдау қауіпсіздік шараларын күшейтуге, алкогольдік ішімдіктердің сапасынарттыруға және алкоголь өнімдерін өндірумен онымен жұмыс істеудің ашық стандарттарын енгізуге бағытталған.
Бұл шаралар мен талаптар алкогольдік ішімдіктердің тұтынушылар үшін қауіпсіздігін және өндірістік процестердің стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз етуге көмектеседі. Алкоголь өнімін өндіру процесінде оның қауіпсіздігі Кеден одағының «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентінің және басқа да нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес қамтамасыз етіледі.