Қымбатты достар!
Баршаңызды Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80-жылдығымен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл мерейлі мереке қанқұйлы жауды күйрете жеңіп, туған жерін қорғап қалған әкелеріміз бен аталарымыздың өшпес ерлігін дәріптейді.
Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигелдинов, Сергей Луганский, Леонид Беда, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Сағадат Нұрмағамбетов, Мәлік Ғабдуллин, Хиуаз Доспанова, Рақымжан Қошқарбаев және басқа даңқты батырларымыздың есімдері мәңгі есте сақталады.
Ардагерлерімізге мықты денсаулық және бақ-береке тілейміз! Елімізде әрдайым бейбітшілік пен тыныштық болсын!