Ағымдағы жылдың 6 мамырында Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің әйелдер ұжымы ер-азаматтарды «7 мамыр - Отан қорғаушылар күні» мемлекеттік мерекесімен құттықтап, зор құрмет көрсетті.
Жұмыс күнінің басынан бастап әйелдер ер-азаматтарды құрметпен қарсы алды. Мерекелік іс-шара барысында олар өз өнерлерін көрсетіп - ән салып, би билеп, мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Департамент басшысының орынбасарлары: Әсел Тоқанқызы Қалықова, Гаухар Сұлтанқызы Каткенова, Айгуль Бейсембековна Досмаилова құттықтау сөз сөйледі. Олар ер-азаматтарға жылы тілектерін білдіріп, ерен еңбектері үшін алғыс айтты.
Департамент басшысы, Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Қасымхан Алпысбайұлы да құттықтау сөз сөйлеп, жылы және әсерлі іс-шарасына ұйымдастырғаны үшін әйелдер ұжымына ризашылығын білдірді.