Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-220/2020 бұйрығымен бекітілген Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын өнімдер мен эпидемиялық мәні бар объектілердің тізбесіне сәйкес қоғамдық дәретханалар эпидемиялық мәні болмашы объектілерге жатады.
Қызметі басталар алдында шаруашылық жүргізуші субъектілер эпидемиялық мәні болмашы объектінің қызметінің басталғаны туралы хабарламаны аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жіберуі тиіс.
Қоғамдық дәретханаларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 26 шілдедегі № ҚР ДСМ-67 бұйрығымен бекітілген «Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларында (бұдан әрі - Санитариялық қағидалар) белгіленген.
Санитариялық қағидаларға сәйкес қоғамдық дәретханалар мынадай жерлерде: - вокзалдардың (теміржол, өзен және автомобиль), теңіз және әуежайлардың, метрополитендердің аумағында және ішінде;
- алаңдарда, жаяу жүргіншілер қозғалысы көп көшелерде;
- бұқаралық іс-шаралар өткізілетін жерлерде;
- халықтың жаппай демалатын орындарында;
- сауда орталықтарының, базарлардың, жәрмеңкелердің, көрмелердің ішінде немесе аумағында көзделуі мүмкін;
- объектіні салу кезеңінде құрылыс алаңдарында;
- зираттарда;
- автожанармай құю станцияларында;
- курорттық жерлерде, сондай-ақ жолдарда (автомагистральдарда), жағажай аумақтарында, саябақтарда орнатылады.
Кәрізделген дәретханаларда мынадай үй-жайлар көзделеді:
- үй-жай үшін есіктермен жабылатын жеке кабиналар;
- ерлерге арналған бөлімшеде писсуарлар үй-жайы;
- жуынатын раковина орнатылған шлюздер;
- жинау мүкәммалын сақтау, жуу және дезинфекциялау құралдары үшін үй-жайлары.
Дәретханалар қоғамдық ғимараттарда орнатылған жағдайда негізгі ғимарат желдету жүйесімен қосылмаған жеке сорып-шығару желдетумен жабдықталады. Дәретхана едені тайғанамайтын болып көзделеді.
Дәретханалар сабынмен, қағаз және (немесе) электрлі сүлгімен, дәретхана қағазымен жарақталады, кабиналарда сыртқы киімге арналған ілмектер, қоқысқа арналған урналар болады. Жөндеу жылына бір реттен кем емес және қажеттілігіне қарай жүргізіледі.
Дәретханалар таза күйде ұсталады, оларды жинау күн сайын және ластануына қарай жүргізіледі.
Суды бұру жүйелерімен жабдықталмаған аудандарда (елді мекендерде) дәретханалар су өткізбейтін шұңқырмен жабдықталады. Суды бұру жүйелеріне қосылмаған дәретханалар мен қазылған шұңқырлар он күнде бір рет қолдануға рұқсат етілген препараттармен дезинфекцияланады.
Қазылған шұңқырлар, септиктер толтыру бойынша уақтылы тазартылады, дезинфекцияланады.
Жылжымалы дәретханаларды пайдалану кезінде лас қалдықтарды химиялық ыдырату және жағымсыз иістердің пайда болуына, таратылуына кедергі болу үшін бактарды дайындаушы-зауыттар ұсынған арнайы реагенттермен өңдеу жүргізу қажет.
Жылжымалы дәретханалар қалдықтарын алу және оларды төгу пунктіне тасымалдау үшін арнайы вакуумды пайдаланылады.
Дәретханалардың орналасу орындары мен оларға келу жолдары күндізгі және кешкі уақытта байқалатын арнайы көрсеткіштермен белгіленеді