Түрксіб ауданының кәсіпкерлік субъектілерімен кездесу өткізілді

Түрксіб ауданының кәсіпкерлік субъектілерімен кездесу өткізілді

Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының бұйрығымен бекітілген кестеге сәйкес Түрксіб ауданының кәсіпкерлік субъектілерімен кездесу өткізілді.

Кездесуге Департаменттен: басшының орынбасары Гаухар Сұлтанқызы Каткенова, тамақтану объектілерін бақылау бөлімінің басшысы Кенжегүл Қонысбайқызы Қонысбаева, Түрксіб ауданы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасынан: басшы Анель Берікбайқызы Мұсаева және өзге да жауапты мамандар қатысты.

Сонымен қатар, кәсіпкерлердің туындаған сұрақтарына жауап беру үшін әкім аппараты, полиция, кәсіпкерлер палатасы сияқты мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдері шақырылды.

Кездесу барысында кәсіпкерлерге халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнамалардың талаптарын, санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау, тамақтану уланудың алдын алу және т.б. мәселелер түсіндірілді.

Бұдан бөлек, кәсіпкерлердің сұрақтарына жауаптар беріліп, олардың шешу жолдары қарастырылып, кездесуге шақырылған басқа да мемлекеттік органдармен бірлесіп әрекет ету мәселелері келісілді.