Алматы қаласындағы ЖРВИ, тұмау аурулары бойынша эпидемиологиялық жағдай жөнінде

Алматы қаласындағы ЖРВИ, тұмау аурулары бойынша эпидемиологиялық  жағдай жөнінде

Алматы қаласы бойынша қазіргі уақытта  жедел респираторлық инфекциялардың (бұдан әрі - ЖРВИ) бақылау деңгейінен аспайтын маусымдық өсуі байқалады.

 

Өткен аптада ЖРВИ, тұмау ауруларының 17432 жағдайы тіркелді, 100 мың тұрғынға шыққандағы көрсеткіші - 760,38 - і құрайды, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 15,3% (20014 жағдай) төмен және бұл алдыңғы аптамен салыстырғанда 3,7% төмен (18109 жағдай). Бұл аурудың 63,3% балаларды қамтиды (11043 жағдай).

 

2024 - 2025 жж жаңа эпидемиологиялық маусым басынан (40 - шы аптадан бастап 16 - ші аптаға дейін) ЖРВИ - дің 501729 жағдайы тіркелді, 100 тұрғынға шаққанда сырқаттанушылық көрсеткіші 21885,44 құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,4 есе төмен (718169 жағдай, көрсеткіш - 32210,72). Аурудың 61,7% - ы балаларды қамтиды (309599 жағдай).

 

Ағымдағы жылдың эпидемиологиялық маусымның қараша айының ортасынан  бері тұмаудың зертханалық расталған 282 жағдайы, оның 127 – і А типі А/H1N1 және В типі - 155, науқастарға ем тағайындалған, жағдайлары қанағаттанарлық.

 

Қалада жіті респираторлық вирустық инфекциялардың басқада вирустары: риновирус, бокавирус, РС вирус, аденовирус, парагрипп, маусымдық коронавирустар айналымда  жүр.

 

Зертханалық мониторинг нәтижелері бойынша қалада тұмауға жатпайтын басқа ЖРВИ вирустары анықталды: риновирус - 22, парагрипп - 2, РС - 84, аденовирус - 1, бокавирус - 1, 12 сынамада маусымдық коронавирус (зеттелген 349 сынаманың 122 - де оң нәтиже). Метапневмовирус  тіркелген жоқ.

 

Профилактика (алдын алу) шаралары : 

 

Қала халқы ЖРВИ, тұмаудың эпидемиологиялық  маусымында аурудың өсуі кезеңінде аурудың  алдын алу бойынша төмендегі бірқатар шараларды естен шығармау керек:

- дәрігердің тағайындауымен иммундау жүйесін көтеру: С дәруменін, оксолин сықпасын қолдану;

- жаппай іс-шаралар өтетін орындарға баруды қысқарту, бөлмелерде ылғалды жинау жүргізіп, желдету, ЖРВИ - мен науқастанғандармен қарым-қатынаста болмауға тырысу, қарым-қатынаста болған жағдайда бетперде кию;

- ауырған жағдайда, өз бетімен ем-дом қолданбай, үйден шықпастан, медицина қызметкерін шақыруы қажет, түшкіргенде және жөтелгенде ауызды қолмен, майлықпен жауып, қолды жиі жуу қажет;

-   ауырған балаларды мектепке, мектепке дейінгі балалар мекемелеріне, мәдени-жалпылама  іс-шаралары жүргізілетін орындарға жібермеу.

 

Осы аталған қарапайым нұсқауларды сақтау, сіздерді ЖРВИ мен тұмау ауруынан қорғайды.